Әзірбайжан республикасы - Еуропа Одағының ең үлкен серіктесі
Maм 18, 2016 22:07 Asia/Almaty
Бакудегі Еуропа Одағы делегациясының төрағасы Әзірбайжан республикасын осы одақтың ең үлкен серіктесі деп атады.
Малена Мард сәрсенбі күні Бакудегі «ADA» мемлекеттік университетінде өткен халықаралық конференцияда Еуропа Одағының Әзірбайжан республикасындағы экономикалық үлесінің мөлшеріне сілтеме жасап, Еуропалық Одақ пен Әзірбайжан республикасы арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуді екі тарап үшін де пайдалы деп атады. Ол сондай- ақ Еуропалық Одақтың экономикалық негізде Әзірбайжан республикасымен жаңа келісімдер жасағанын хабарлады.
Тегтер