Иран мен Ресей сот үкімдерін орындау саласында ынтымақтастық жасауда
Maм 18, 2016 22:34 Asia/Almaty
Иран мен Ресейдің сот делегациялары сот істері негізінде кеңесті.
Иранның Әділет министрінің адам құқығы және халықаралық істер бойынша орынбасары Махмуд Аббасидің жетекшілігіндегі Иранның сот делегациясы Ресейдің сот ережелері федералдық қызметінің төрағасы Артур Парфенчиков бастаған делегациямен Санкт-Петербург қаласында екі елдің осы салада ынтымақтастық жасау және тәжірибе алмасу жолдарына шолу жасады.
Иран мен Ресейдің сот делегациялары сондай- ақ төрелік және сауда істері жөнінде кеңесу орталығын құруға келісті. Соған сәйкес «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңде осы саладағы ынтымақтастықтар артатын болады.
Тегтер