Блинкен: Иран Газадағы соғысты кеңейтуді көздемейді
(last modified Wed, 19 Jun 2024 12:21:46 GMT )
Маусым 19, 2024 18:21 Asia/Almaty
  • Блинкен: Иран Газадағы соғысты кеңейтуді көздемейді

Pars Today: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иран, Ливан және Хизболла Газадағы соғысты аймақтық соғысқа айналдырғышсы келмейтінін мойындады.

 

Израиль Америка Құрама Штаттарының қолдауымен Газа секторына қарсы жойқын шабуылдарын бастаған 2023 жылдың 7 қазанынан бері бұл шабуылдарда көпшілігі әйелдер мен балалар болатын он мыңдаған палестиналық шәйіт болды және жараланды. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергпен Вашингтонда өткізген баспасөз мәслихатында: "Хизболла мен Израиль арасындағы шиеленістің артуы қақтығыстардың кеңеюі үшін ықтимал қауіптерге әкелуі мүмкін",- деді. Блинкен: "Мен ықтимал араласушылардың ешқайсысы соғысты немесе қақтығысты күшейтуді көздемейді деп ойлаймын. Менің ойымша, Израиль де мұны іздемейді, Хизболла  да мұны қаламайды, Ливан да мұны қаламайды, Иран да мұны қаламайды деп ойлаймын",- деп айтты.

Блинкен сондай-ақ АҚШ-тың Израильге әскери қолдау көрсетуіне сілтеме жасай отырып:

"АҚШ Израильге 2000 фунттық бомбалар жіберуді қарастыруда",- деп хабарлады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде 37 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан астам адам жараланған. Соғыста шәһид болғандардың 70 пайыздан астамы әйелдер мен балалар, 10 мыңнан астам адам әлі із-түзсіз жоғалып, үйінді астында қалып отыр.

Осы тұрғыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мынаны жариялады:

"Сионистік режимнің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдары 39 миллион тонна қоқыс қалдырды, бұл Газадағы әр шаршы метрге 107 келі қоқыспен тең".

БҰҰ-ның бұл органы адам өмірін қорғау және оның қоршаған ортаға әсерін азайту үшін Газада дереу атысты тоқтатуға шақырды.