Иран Африканы ауыл шаруашылығы саласында өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылады
(last modified 2024-06-20T13:05:25+00:00 )
Маусым 20, 2024 19:05 Asia/Almaty
  • Иран Африканы ауыл шаруашылығы саласында өзін-өзі қамтамасыз етуге ұмтылады

Иранның 16 ғылыми-технологиялық компаниясы Кенияның 9-шы ауыл шаруашылығы және сабақтас өнеркәсіп көрмесінде өз мүмкіндіктерін көрсетті.

23-27 хордадта Кенияның астанасы Найробиде өткен 9-шы ауыл шаруашылығы және сабақтас өнеркәсіп көрмесі (Afritech Africa) өтіп, оған Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары қатысты.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Afritech көрмесінде Иранның ауыл шаруашылығы, соның ішінде ауылшаруашылық дрондары, спутниктік бақылау технологиясы, гибридті тұқымдар, органикалық тыңайтқыштар, сиыр эмбрионының технологиясы, тамақ және қаптама өнеркәсіптеріне қатысты 16 компаниясы өз өнімдері мен мүмкіндіктерін таныстырды.

Иранның осы халықаралық шараға алғаш рет қатысуын кениялық ауыл шаруашылығы белсенділері мен ойыншылары құптады.

Кениядағы 9-шы Afritech ауыл шаруашылығы көрмесі 20-дан астам елдің қатысуымен осы экожүйедегі олқылықтарды шешу мақсатында өтті.

Иранның шәһид президенті Ибрахим Раиси ордибехешт айының басында Теһранда 30-дан астам африкалық елдің жоғары лауазымды өкілдерінің қатысуымен өткен Иран мен Африканың екінші халықаралық саммитінде Африкамен ынтымақтасуды имам Хомейнидің (р.) де, имам Хаменеидің де баса айтқанын жеткізіп: "Батыстықтар Африканы өздеріне қаратып алғысы келеді. Ал біз Африканы оның өзі үшін қалаймыз",-деген.

Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп үйінің сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі сейіт Рухолла Латифидің мәлімдеуінше, 1402 жылы Иран тауарлары тікелей 39 африкалық елге экспортталады.  

Тегтер