Маусым 23, 2024 19:32 Asia/Almaty
  • Үндістанның басшылары неліктен Батыс елдері мен Израильдің қылмыстарына ортақтасуды қалап отыр?

"Едиот Ахронот" сионистік газетінің хабарлауынша, Үндістан Газада соғыс басталғалы бері Израильге көп қару-жарақ жіберіп көмектескен.

Осы газеттің хабарлауынша, Үндістан Газаға қарсы соғысқа қажет оқ-дәрілердің басым бөлігімен қамтамасыз етеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль Үндістан армиясын жабдықтау үшін Хейдарабадта ұшқышсыз ұшақ жасайтын зауыт салған.

Үндістанның ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл зауыт Газа соғысынан кейін Ливан Хизбулласы тарапынан Израильдің бірнеше ұшқышсыз ұшағы құлатылғанын ескеріп, сионистік режимнің армиясына 20 ұшқышсыз ұшақ  жасап жіберді.  

Ежелден өзінің алуан түрлілігімен және толеранттылығымен танымал болған және өткен ғасырда отаршылдыққа қарсы ел ретінде орасан зор беделге ие болған Үндістан соңғы онжылдықта, әсіресе осы екі жылда әлем халқы алдындағы беделінен біршама айырылды.

Үндістан бейнесінің солтүстік және батыс елдері арасында ұнамсыз болып қалуы және батыстық емес ұлттар арасында қатты бүлінуі одан бетер таң қалдырады.

Үндістанның беделін түсіретін факторлардың бірі – қазіргі премьер-министр Нарендра Моди мен "Бхаратия Джаната" партиясының (BJP) отаршылдықтан зардап шеккен елдерге қарсы үстемшілдерді қолдаудағы қате таңдаулары мен шешімдері. Бұл партия исламға қарсы әрекеттер жасап, Израильді қолдап, Батыс гегемониясының мүддесіне қызмет етіп отыр.

Сонымен қатар Израиль палестиналықтарды өлтіре басталғалы бері  киберкеңістікте болған таңғаларлық оқиғалардың бірі осы қырғындарды қолдайтын ұйымдасқан топтардың Үндістаннан шығуы болды.

Бірнеше сараптамалық сайттың айтуынша, өткен жылдары Израиль мен Нетаньяху Үндістанның адами және виртуалды ресурсын қарсыластарына, әсіресе мұсылмандарға қарсы пайдалануға көп қаржы жұмсады.

Соңғы мәліметтер бойынша, 2023 жылы 7 қазанда сионистік режим Газаға жаңа шабуылдар бастағалы бері 37 мыңнан аса палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан аса адам жараланды.

Израиль режимі 1917 жылы Ұлыбританияның отаршылдық жобасы аясында әртүрлі елдерден еврейлерді Палестина жеріне көшіру арқылы құрылып,  1948 жылы мемлекет ретінде жарияланды. Содан бері Палестина халқын қырып-жою және оның бүкіл жерін иемдену үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

Тегтер