Маусым 25, 2024 20:59 Asia/Almaty
  • Қызыл теңіздегі күш теңгерімі: Йемендіктер

АҚШ "Әл-Ақса дауылы" операциясының салдарларынан әлі де зардап шегуде. Әйгілі «Эйзенхауэр» авиатасымалдаушы кемені Қызыл теңізге әкелген – дәл осы операция. Бірақ қазір ол теңіз аймағын тастап кетуге мәжбүр.

Йемендіктердің америкалық әскери-теңіз күштерінің "Эйзенхауэр" атты ұшақ тасығыш кемесіне шабуыл жасағаны туралы хабардан бірнеше сағат өткен соң, Пентагонның бір шенеунігі шабуылдың жасалғанын жоққа шығаруға тырысты.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, йемендіктер шабуылдың егжей-тегжейін жарияламады. Пентагон сарапшылары оқиғаның өңін айналдырып көрсету үшін басқа жол ойластыруға мәжбүр болып: "АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің шешімімен бұл әскери кеменің Қызыл теңіздегі қызметі тоқтатылды",-деді.

Бұған дейін АҚШ ақпарат құралдары: "Батыстың сионистік режимге қарулы қолдау көрсетіп отырғанына қарамастан, режимнің осал жағдайы әлі де көрініп тұр. Американың әйгілі кемесі аймақта қалуы керек. Бірақ Йеменнің жаңа шабуылынан кейін Ллойд Остин "Эйзенхауэрдің" шегінуі қажет екенін және «Теодор Рузвельт» кемесі аймаққа жіберілетінін жариялады",-деп хабарлаған болатын.  

"Эйзенхауэрдің" кеткені неліктен маңызды?

"Эйзенхауэр" кемесі (USS Dwight D. Eisenhower) – Нимиц класындағы ең үлкен 10 кеменің бірі. Олар АҚШ теңіз күштерінің ең маңызды бірліктері ретінде танымал. Бір ядролық реакторы бар кеме 1977 жылы 18 қазанда ресми түрде пайдалануға берілді. Ол АҚШ теңіз күштерінің маңызды бөлігі саналады. Ұзындығы 333 метр, салмағы 114 мың тонна бұл үлкен кеме ең қуатты радиолокациялық жүйемен және навигациялық құралдармен жабдықталған. Оның экипажы мен теңіз жаяу әскерінің жалпы саны 5680 адамды құрайды. "Эйзенхауэр" тек сүңгуір қайықтардың шабуылдарын бақылау үшін ғана жабдықталмаған, онда «Sparrow» әуеден әуеге атылатын зымыранның теңіз және құрлықтағы нұсқалары орналастырылған. Ал бұл алып кеменің үстінен жүзден астам қырғи ұшақтар мен тікұшақтар көтеріле алады.

2023 жылы 7 қазанда ХАМАС-тың сионистік режимге бұрын-соңды болмаған тарихи соққы жасаған операциясынан кейін "Эйзенхауэр" кемесі аймаққа қуат көздері транзитінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келді. Бірақ басты мақсат сионистік режимді алыстан бақылап отыру және қажет кезде қалқымалы әуе базасы ретінде әрекет ету болды. Қажет болған жағдайда қырғи ұшақтар бұл кемеден ұшып, қысқа мерзімде өз миссияларын орындайды. Қазіргі жағдайда «Эйзенхауэр» ұшақ тасығышы Қызыл теңізден кетіп бара жатыр. Йеменнің шабуылдары жалғасып, АҚШ стратегиялық қиыншылыққа ұшыраймын деп күтпеген. "Эйзенхауэрдің" қорғанысқа кеткен маңызды себептерінің бірі мынау: Ливан Хизбулласының сионистік режимге шабуылдары жиілегені сондай, Нетаньяху кабинетінің алаңдаушылығы ең жоғары деңгейге жетті. Осындай қиын жағдайда "Эйзенхауэр" кемесі Нетаньяху басқаратын армияның қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады. Егер Ливан Хизбулласы Йемен жауынгерлері сияқты осы кемеге зымыран атса, Джо Байден үшін жағдай одан әрі күрделене түседі.

АҚШ үшін Қызыл теңіз неліктен маңызды?

Қызыл теңіз кеме қатынасының торабы ретінде әлемдік саудада маңызды рөл атқарады. Бұл стратегиялық аймақ Жерорта теңізін Үнді мұхиты және Араб теңізімен байланыстырады. Қызыл теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын Суэц каналы мұнайды, жүктерді және әскери мүліктерді тасымалдау үшін ерекше маңызды.   

АҚШ үшін Қызыл теңіздің маңыздылығының тағы бір себебі – оның ерекше геосаяси орны. АҚШ Сауд Арабиясы, сионистік режим және Мысырдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ йемендік жауынгерлердің қозғалысын бақылау үшін бұл аймақтың ісіне араласуды елеусіз қалдыра алмайды.

Аймақтағы АҚШ күштердің орталығы әрқашан "Эйзенхауэрдің" қатысуынсыз Қызыл теңіз, Аден шығанағы және Баб әл-Мандеб бағытын қамтамасыз ету мүмкін емес деп мәлімдеп келеді. Қазір әлем жаңа жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. АҚШ-тың аймақтағы өз базаларынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарсыз екенін барлығы анық көріп отыр.

Қазіргі жағдайда, Палестина қарсыласу қозғалысының сионистік режимге тарихи соққысынан 8 ай өткенде Нетаньяху кабинетінің Газада соғыс жүргізу саясатын жалғастыруды талап етуі нәтиже бермеді. АҚШ бұл режимнің ең маңызды қолдаушысы ретінде іс жүзінде стратегиялық тығырыққа тірелді. АҚШ еврей лоббиінің саяси және сайлау теңдеулерімен байланысы болғандықтан, Вашингтон үкіметі Нетаньяхуға оңай қысым көрсете алмайды.

Сионистік режим 2023 жылы 7 қазанда Батыс елдерінің жан-жақты қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестинаның қорғансыз халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Басқа жағынан Газадағы Палестина қарсыласу күштері мен Ливан, Ирак, Йемен және Сириядағы басқа қарсыласу топтары бұл қылмыстары үшін басқыншы режимнен өтем алатынын жариялады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес сионистік режимнің Газаға шабуылында осы күнге дейін 37 мыңнан аса палестиналық шәһид болып, 85 мыңнан аса адам жараланды. 

Тегтер