Иран мен Пәкістан Заһедан- Кветта поезының қозғалысы туралы меморандумға қол қойды
Иран Ислам Республикасы мен Пәкістан Заһедан-Кветта поезының аптасына бір рет екі ел арасында қатынауы туралы меморандумға қол қойды.
Пәкістанның Белуджистан штатының орталығы Кветта қаласына сапар шеккен Иранның оңтүстік және шығыс аймағы темір жолының бас директоры Мұстафа Махмуди: «Заһедан-Кветта поезының екі ел арасында аптасына бір рет қатынауы жөніндегі меморандумға осы қаланың сауда және өнеркәсіп палатасының төрағасы және мүшелерімен сейсенбі күні өткен отырыста қол қойылды. Ирандық және пәкістандық екі тарап осы меморандумға қол қоюмен контейнер және жүк тасымалдаушы поездың аптасына бір рет Иранның Систан және Белуджистан облысы мен Пәкістанның Белуджистан штаты арасындағы қозғалысына келісті» деді.