Түрік жұмысшылары Израильге қарсы жұмыс істей бастады
(last modified Mon, 01 Jul 2024 12:22:01 GMT )
Шіл 01, 2024 18:22 Asia/Almaty
  • Түрік жұмысшылары Израильге қарсы жұмыс істей бастады

Түрік жұмысшылары Израиль режимінің Газадағы қылмыстары үшін оның ұшағына жанармай беруден бас тартты.

 

 

Сионистік режиммен байланысы бар «El Al» әуе компаниясы өз есебінде Польшаның астанасы Варшавадан Тель-Авивке бет алған және техникалық ақауларға байланысты Түркияға шұғыл қонуға мәжбүр болған бұл компанияның бір ұшағына жанармай құюға рұқсат етілмегенін хабарлады.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, аталған ұшақ Түркияның Анталия әуежайына шұғыл қонды, бірақ жанармай құюды сұраған кезде, әуежай қызметкерлері басып алынған аумақтарға аттанар алдында ұшаққа жанармай құюдан бас тартты.

«El Al» әуе компаниясы түрік жұмысшылары компанияның ұшағын жанармаймен қамтамасыз етпеуіне байланысты бұл ұшақ Грекияға ұшуға мәжбүр болғанын және Тель-Авивке кетер алдында осы елдің әуежайынан жанармай алғанын хабарлады.

Газадағы палестиналықтардың геноцидіне байланысты сионистік режимге қарсы өшпенділік толқыны ислам елдерін шарпыды. Бұл мәселенің шарықтау шегі – мұсылмандардың бұл режимге қарсы санкция саясатын енгізу әрекеті.

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 37 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 85 мыңнан астамы жараланған.

Израиль режимі 1917 жылы британдық отаршылдық жобасымен және әртүрлі елдерден еврейлердің Палестина жеріне қоныс аударуы арқылы құрылды және оның бар екендігі 1948 жылы жарияланды. Содан бері Палестина халқын геноцидке ұшыратып, оның бүкіл жерін басып алу үшін әртүрлі жаппай өлтіру жоспарлары жүзеге асырылды.

Иран Ислам Республикасы бастаған бірқатар елдер Израильдің отаршылдық режимін ыдыратып, еврейлердің бастапқы елдеріне оралуын шындап жақтайды.