Шіл 06, 2024 18:03 Asia/Almaty
  • Путин Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін неге құттықтамайды?

Кремль сарайының баспасөз хатшысы Ұлыбританияның Ресейге деген достықсыз әрекеттерінің жалғасуына тоқталып: «Путин Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін құттықтамайтын шығар",- деді.

 

 

Ұлыбритания Украина соғысы басталғаннан бері белсенді рөл атқарды. Бұл Батыстың Мәскеудің қауіпсіздік мәселелеріне назар аудармауы және НАТО күштерін Ресей шекарасына жақын жерде кеңейтуінен туындаған шайқас.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Лондон Ресейге қарсы ұстанымдарды қабылдау, Украинаға қару-жарақ пен әскери техника жөнелту және Ресейге қарсы санкциялар енгізу арқылы шиеленіс пен қақтығыстарды арттырды. Ұлыбритания осы уақытқа дейін 1100-ден астам Ресей азаматы мен 800-ден астам ресейлік үкіметтік ұйымға санкция салды.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков осы тұрғыда және Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі анықталғаннан кейін журналистерге: «Лондон Мәскеуге қарсы достықсыз әрекетін жалғастыруда. Сондықтан Ресей президенті Владимир Путин Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі сэр Кейр Родни Стармерді Лейбористік партияның британдық парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтауы екіталай",- деп айтты. 

Путин Стармердің жеңісін құптайды ма деген сұраққа Песков: «Бәрі Ұлыбританияның жаңа премьер-министрінің бастамаларына байланысты, дегенмен оның бейбіт және жасампаз бастамалар ұсынуы екіталай» деді.

Айта кетейік, бейсенбі күні өткен парламенттік сайлауда Ұлыбританияның Лейбористер партиясы 650 орынға қол жеткізіп, парламенттің басым бөлігін жеңіп алған болатын. Бұл Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Риши Сунактың отставкаға кетуіне әкелді.    

 

 

  

 

 

Тегтер