Шіл 12, 2024 18:08 Asia/Almaty
  • Латын Америкасының жаңалықтарына шолу: Пезешкиан мен Мадуроның қарым-қатынастарды дамытуға баса назар аударуынан Бразилия мен Палестина арасындағы MERCOSUR келісіміне дейін

MERCOSUR деп аталған Оңтүстік Америка мемлекеттері одағы арасындағы еркін сауда туралы келісім мен Палестина автономиялық құрылымы арасындағы еркін сауда келісімі ұзақ жылдар кешіктірілгеннен кейін орындалды.

Иран мен Венесуэла басшылары жақын арада жоғары деңгейдегі кездесу өткізуге уәде берді

Венесуэла Сыртқы істер министрі Иван Хел X әлеуметтік желісіндегі өзінің қолданушы аккаунтында бөліскен мәтінге сәйкес, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Иранның сайланған президенті Масуд Пезешкиан екі ел қарым-қатынасының туысқандық сипатын қуаттап, жақын арада жоғары деңгейдегі кездесу өткізуге және осылайша ынтымақтастық пен ортақ даму бағдарламаларын жалғастыруға уәде берді.

Мадуро жақында X әлеуметтік желісіндегі өзінің қолданушы аккаунтында хабарлама жариялап, Каракас пен Теһран арасындағы бауырластық, достық және ынтымақтастық қарым-қатынастарын нығайту үдерісін жалғастырудың маңыздылығына тоқталды.

 

Бразилия сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы елді мекендерін кеңейтуін сынады

Бразилия үкіметі сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы заңсыз елді мекендерді кеңейту туралы шешімінің репрессиялық сипатын сынап, өз мәлімдемесінде: "Бразилия үкіметі Израильдің 27 маусымда Батыс жағалаудағы заңсыз қоныстар санын кеңейту туралы ерікті шешімі туралы мәлімдемесіне өкінеді",- деді.

Бразилияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде сионистік режимнің шешімін «халықаралық заңдарды ашық бұзу» деп атады. Ол бұл мәселені аймақта тұрақты бейбітшілік орнатуға және Газа секторындағы қақтығыстарды тоқтату әрекеттеріне қатер ретінде бағалады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Бразилия үкіметі былай деп баса айтты: "Бұл ел Израильдің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы заңсыз қоныстар санын кеңейту туралы шешімінің репрессиялық сипатын жоққа шығарады және екі мемлекеттік шешімнен, Шығыс Құдс  астанасымен Газа секторы мен Батыс жағалауды қамтитын 1967 жылғы шекараларда Палестинаны тануды қолдайды.   

 

Боливия президенті палестиналықтардың өз жерлерін қайтарып алу жолындағы күресіне тоқталды

Боливия президенті Луис Альберто Арсе Катакура палестиналықтардың өз жерлерін қайтарып алу үшін күресіп жатқанына тоқталып: «Боливия үкіметі мен халқы Газа секторы тұрғындарының қырғынын айыптайды. Және олар Палестина ұлтына қысым көрсетудің жалғасуын қабылдауға болмайды деп санайды",- деді.

Катакура  «Әл-Араби» арнасына берген сұхбатында сионистік режимнің Газа секторы тұрғындарын өлтіруін айыптап, мынаны баса айтты:

Боливия Газа секторына қарсы соғысты тоқтату үшін бірқатар елдердің ынтымақтастығымен жұмыс істеуде.

 

Бразилия мен Палестина билігі арасындағы еркін сауда келісімін жүзеге асыру Оңтүстік Американың Меркосур одағы мен Палестина билігі арасындағы еркін сауда келісімі жылдарға созылған кешігуден кейін әске асырылды.

IRNA ақпарат агенттігінің Бразилия Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Бразилия Палестина халқына қолдау көрсету үшін он жылдан астам мақұлдауды күткен бұл келісімді жүзеге асырды.

Осы келісімнің бекітіліп, жүзеге асырылуынан кейін Палестинаның Бразилиядағы елшісі Ибрахим Әл-Збан Бразилия үкіметінің бұл әрекетін батыл шешім және дер кезінде қолдау деп атады.                                                                                            

Бұл келісімнің жүзеге асуының Палестинада бейбітшілік орнатуға қолдау көрсетудің тиімді жолы екенін атап көрсеткен Әл-Збан: "Палестинаның Меркосурмен қазіргі уақытта жылына небәрі 32 миллион долларды құрайтын саудасы өседі деп үміттенемін",- деді. Бразилия Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: "Бұл келісім экономикалық тұрақтылыққа ие және көршілерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүре алатын Палестина мемлекетіне нақты көмек болып табылады",- деп айтылды.

 

Тегтер