Maм 19, 2016 19:17 Asia/Almaty
  • Лондон Иранмен әріптестік жасау үшін банктік кедергілерді жоюға әзірлігін мәлімдеді

Англия Қаржы министрінің орынбасары Иранмен банк саласында әріптестік жасауда сақталып отырған кедергілерді жоюды қуаттап: «Лондон осы кедергілерді жою үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында өзінің міндеттемелерін орындауға әзір» деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Англия Қаржы министрінің орынбасары Дамиан Хайндс бейсенбі күні Лондонда өткен «Әлемдік қаржы қоғамына Иранның қайтадан қосылуы» атты біркүндік конференцияда санкциялардың жойылуы мен Иранның әлемдік экономикаға қайтадан оралуына тоқталып, Иранды өркениет бесігі және Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан мекені деп атап: «Англия Иранның әлемдік экономикаға оралу ағымында осы елге көмектесіп, осы жолдың бір бөлігі болуға әзір» деді.

Хайндс «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуына тоқталып, Англия үкіметінің Иранмен сауда байланыстарының кеңеюіне негіз әзірленуі үшін Иранның астанасы Теһранда сауда істері бойынша арнайы өкілін тағайындағанын, сонымен қатар осы елге экономика және саяси салалардағы бірқатар қайраткерлерін жібергенін атап айтты.

Тегтер