Шіл 26, 2024 21:53 Asia/Almaty
  • Израиль: АҚШ-тағы лоббидің ықпалы және Батыс Азиядағы діни-өркениеттік соғыс

Сионистік режим жылдар бойы палестиналықтарға зорлық-зомбылық жасап, оларды аяусыз қырып, сионистік қалашықтар салуды жалғастырып, палестиналықтардың құқықтарын аяқ асты етіп, оларға тіпті дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар саласында көмек жеткізуге кедергі келтіру арқылы Палестина жерін көбірек басып алып, өз билігін орнатуды көздеп отыр. Бұл саясат Вашингтон үкіметі мен АҚШ-тағы сионистік лоббидің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Сионистік режим жылдар бойы палестиналықтарға зорлық-зомбылық жасап, оларды аяусыз қырып, сионистік қалашықтар салуды жалғастырып, палестиналықтардың құқықтарын аяқ асты етіп, оларға тіпті дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар саласында көмек жеткізуге кедергі келтіру арқылы Палестина жерін көбірек басып алып, өз билігін орнатуды көздеп отыр. Бұл саясат Вашингтон үкіметі мен АҚШ-тағы сионистік лоббидің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Сионистік лоббидің АҚШ-тың сыртқы саясатының өзгеруіне тікелей және жанама әсер етіп отырғаны бұлтартқысыз шындық болып табылады. Бұл лоббилер бір жасырын ассоциация, қастандық ұйымдастырушы топ немесе басшысы белгісіз ұйым емес, көптеген адамдар мен құрылымдардан тұратын Израиль лоббиі. Олар АҚШ-тың сыртқы саясатын Израильдің мүддесіне қарай бағыттауға белсенді талпыныс жасап жатыр.Бүгінгі мақалада осы мәселенің қыр-сырына тоқталасыз.

Үлкенірек екі лоббиАҚШ-тың саясатына көптеген сионистік лоббилер ықпал етеді. Олардың ең маңыздысы ретінде "Айпак" пен "G Стритті" атауға болады. Айпак президенттік сайлауларда Израильге жақтасатын үміткерлерді тартуға көп қаражат жұмсайды. Бұл шығын оған бірнеше есе пайда әкеледі.Al-Jazeera арнасының хабарлауынша, Израиль лоббиі АҚШ-тағы сайлауларға әсер ету үшін жұмсаған әрбір доллардың есесіне сионистік режим АҚШ-тан сионистік қалашықтарды салу және жарақтау үшін 50 доллар алады.

Израиль режиміне қарасты "G Стрит" лоббиі демократиялық құндылықтарды алға тартып, америкалық саясаткерлер арасында апартеид Израиль режимінің басқа келбетін көрсетуді көздеп отыр. Бұл топтың басты принципі - Израиль үкіметі мен сионистерді кесімді түрде қолдау. Ал келесі принципі - сыни-аппеляуюциялық әдебиетті пайдалану арқылы АҚШ-та адам құқығын қорғаушы және демократиялық топтардың назарын аударуға тырысу.

АҚШ-тағы сайлау және  Газа соғыс39 мыңға жуық палестиналық қаза тауып, 90 мыңнан аса адамның жаралануына әкеліп соқтырған Газадағы соғыс барысында АҚШ-тағы сайлау науқаны күннен өткен сайын қызып келеді. Соңғы жылдарда америкалықтар көптеген ішкі мәселелер, соның ішінде экономикалық тоқырау, қоршаған орта және әлеуметтік қиындықтарға ұшырап отырса да, бұл елдің партиялары бірауыздан Израильді қолдап келеді. 2024 жылғы президенттік сайлауда Израиль-Палестина мәселесі республикашылдар мен демократтардың назарына алынып отыр.Мұның өзі - сионистік режимнің қуатты ықпалының бір бөлігі: олар "қырғи қабақ" соғысы кезінде де, қазіргі кезде де АҚШ-тың сыртқы саясатында өзіне стратегиялық рөл беру арқылы АҚШ-тың саяси-экономикалық, әскери және технологиялық қолдауын тартатын жерге айналды.

Өркениеттер соғысы және ақырзаман соғысы

Белгілі бір түсінік бойынша, америкалық саясаткерлер үшін Израиль Батыс өркениетінің ең шығыс нүктесі саналады. Ол Вашингтонның стратегиялық мүдделерін қорғаумен қоса, шығыстықтардың Жерорта теңізінің шығысына ілгерілеуін тоқтату міндетін атқаруы тиіс. Бұл көзқараста Бейтулмұқаддас Батыстың ислам, үндіс және конфуций өркениеттеріне қарсы алғашқы қамалы болып табылады. Сондықтан не болса да, оны сақталуы кепілденуі тиіс. Сол себепті АҚШ Президенті Джо Байден сионистік режимнің президенті Ицхак Герцогпен кездесуінде: "Егер Израиль болмаса, оны құрар едік" деп айтты.Саяси сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ үшін Израильдің маңыздылығы тек саяси-экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан ғана емес, дін, сенім мен иман тұрғысынан аса маңызды. АҚШ-та 70-80 млн христиан бір күні Иса Мәсіх қайта келетініне, сионистер арқылы Батыс Азияда бірқатар оқиға орын алатынына сенеді. Олар "ангелист" деген атпен танымал. Олардың сенімінше, яһудилер мен көрші мұсылман арабтар арасында үлкен соғыс болады. Бұл соғыста Әл-Ақса мешіті мен Қаба ус-сахра жойылады. Сол жерге Сүлеймен ғибадатханасы салынады. Ақырзаман соғысы басталып, Иса Мәсіх келеді. Осындай көзқарас сионистердің Палестина жерін басып алуына себеп болды.

Отаршылдың ойыны, сионистік режимнің құрылуы, Батыс Азияда Иранмен текетірес

1917 жылы Батыстағы лоббистердің ықпалымен Англия түрлі елдерден яһудилер мен сионистерді Палестина жеріне көшіру туралы жобасын орындай бастағаннан кейін 1948 жылы Израиль режимінің құрылғаны жарияланды. Сол кезден бастап Палестина халқын жаппай қыру және олардың жерлерін басып алу жобалары орындалды.Осы аралықта ИИР бастаған бірқатар ел Израиль режимін жойып, яһуеврейлерді өз елдеріне қайтаруды қолдап отыр. Осы тұрғыдан 2023 жылы 7 қазанда басталған соғысты сараптағанда ойыншыларды нақты анықтау аса маңызды.

Тегтер