Мигранттарды күштеп көшіру: Олимпиада басталған соң Франция Париждегі босқындардың ауыр жағдайын жасыруға тырысып жатыр
(last modified Sat, 27 Jul 2024 18:12:22 GMT )
Шіл 28, 2024 00:12 Asia/Almaty
  • Мигранттарды күштеп көшіру: Олимпиада басталған соң Франция Париждегі босқындардың ауыр жағдайын жасыруға тырысып жатыр

Францияның адам құқығын қорғау қауымдастығының айтуынша, олимпиада барысында мигрантарға көрсетіліп жатқан қатынас осы ойындардың жарғысында айтылған құндылықтарға, ең бастысы «адамның қадір-қасиеті, достық және теңдік» қағидасына толығымен қайшы келеді.

Франция үкіметі жазғы олимпиада ойындары басталғанға бірнеше күн қалғанда кемсітушілік жасап, мигрантарды шағын қалаларға жіберді. Бұған Франция халқы наразылық білдірді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Францияның шағын қалаларының әкімдері ел астанасынан мигрантардың көшірілгеніне наразылық білдіріп: "Бұл – үкіметтің олимпиада ойындары басталуымен бір мезгілде Парижді тазартуға талпынысы",-деді.

Францияның адам құқығын қорғау топтарының айтуынша, тіркелген статистикаға сәйкес Франция полициясы олимпиада ойындарына бір жыл қалғанда Парижден 13 мың босқынды көшіріп жіберген. Мұның бәрі Париждегі кедейлік пен бақытсыздық көріністерін жасыру мақсатында жасалып жатыр.

Әл-Арабия арнасының тілшісі олимпиада ойындарына дейінгі Париждің жағдайын былайша сипаттайды: "Бұл күндері қаланың көшелері таза. Алаңдар олимпиадаға қатысты түрлі түсті белгілермен безендірілген. Бірақ олимпиада ойындары күндеріндегі Париждің романтикалық бейнелерінің артында ащы да қараңғы адамзат шындығы тұр.  Франция қауіпсіздік күштері мыңдаған босқынды қаладан көшіріп жіберді.

Шекарасыз дәрігерлер ұйымының үйлестірушісі Метью Див: "Бүгін жұмыс орныма жету үшін маған теміржол және метро станциялары арқылы өтуге тура келді. Ол жерлерде қауіпсіздік күштері мен полиция қызметкерлерінің көп екенін көрдім. Бұл біз қызмет көрсететін, көпшілігінің заңды тұрғылықты жері жоқ адамдарға қатысты алаңдаушылықты арттырып отыр",-деді.

Ұлыбританияның "Телеграф" газеті олимпиада ойындарына байланысты Францияда қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтып: "Германия басып алған кезден кейін алғаш рет Парижде ең көп полиция мен армия күштері орналастырылды",-деп жазды.

Тегтер