Шіл 28, 2024 21:31 Asia/Almaty
  • Олимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы қорлыққа толы шоу – Франция үкіметінің адам, бостандық және дін туралы ойының көрінісі

Әлеуметтік желілерде жарияланған әлемнің көптеген адамдары мен сарапшылардың пікірі бойынша, Париж-2024 олимпиада ойындарының ашылу салтанаты адам құқықтарын бұзатын және әлемдік қауымдастықтың қасиетті ұғымдарын қорлайтын бейнелер мен ым-ишараттарға толы болды.

Париж олимпиадасының ашылу салтанатында дәстүрлі емес көріністерді көрсету бұл оқиғаны тарихтағы ең даулы спорттық оқиғалардың біріне айналдырды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Франция әлемдегі ең үлкен спорт алаңы, яғни олимпиадада тарих жадында ұмытылмайтын оғаш та ұят көріністерді қалдырды.

Париж-2024 олимпиадасының ашылу салтанатында музыкалық немесе театрландырылған көріністерге дәстүрлі емес гомосексуалдық кейіпкерлерді енгізіп, миллиардтаған адамның, әсіресе христиандардың мораль мен дінін қорлайтын көріністерді көрсету әлемде сын-пікірлер мен жиіркеніш толқынын тудырды.

Гомосексуалдық өрнектерді қолдану арқылы Леонардо да Винчидің Иса Мәсіхке қатысты «Соңғы кешкі ас» картинасын көрсету Париж олимпиадасындағы киелі ұғымдарды қорлаудың бір парасы болды. Бұл үлкен дау әлеуметтік желілерде кең талқыланды.

Аталмыш шоуда сексуалдық мәселелерге және адамдық қадір-қасиетке тым көп мән берілгеніне назар аудара отырып, сыншылар мұндай шоуда балалардың пайдаланылуына да қарсылық білдірді. Олар бұл шоуды христиан діні мен христиандарды қорлау деп атап, әсіресе виртуалды кеңістікте оған қарсылықтарын білдірді. Алдын ала түсірілген көптеген көріністермен қатар аталған шоуда атақты жыныстық ауытқулар, соның ішінде балаларға жыныстық құштарлық (педофилизм) көрсетілді, бұл таңданыс тудырумен қатар, көптеген наразылық тудырды. Сонымен бірге аталған шоуда кішкентай қыздың болуын сыншылар Франция мен Еуропаның болашақ ұрпақтары үшін қараңғы болашақ деп түсіндірді.

Бұл арада олимпиаданы ұйымдастырушылардың бірі әрі Ла Лиганың жетекшісі Хавьер Тебас "X" әлеуметтік желісіндегі жазбасында: "Қабылдауға болмайтын құрметсіздік әрі масқара әрекет! Олимпиада ойындарында "Соңғы кешкі астың" бейнесін қолдану қасиеттілікті қорлау болды. Діни сенімге деген құрмет қайда? Олимпиада ойындарының дәстүрін құрметтеңіздер",-деп жазды.

Франция епископтары да дінді қорлауға реакция білдіріп: "Ашылу салтанатында, өкінішке қарай, христиандықты мазақ ету көріністері болды. Өте өкінішті!"-деп мәлімдеді.  

Басқа жағынан соғысқа қарсы бірқатар белсендінің айтуынша, бала өлтіргіш сионистік режим тобының Сена өзенінен жүріп өтуі Париждің маңдайынан ешқашан өшпейтін тағы бір дақ болды. Өйткені Палестина мәселесін қозғап жүрген әлемнің азаттықты талап етушілері Халықаралық олимпиада комитетінен (ХОК) сионистік режимнің Газадағы  қылмыстарына реакция көрсетеді деп күтті. Газа соғысында спортшылар да аман қалмады.

Бұл сынды толығымен дұрыс деп санауға болады. Өйткені Франция Палестина халқының құқықтарына басты қарсыластардың бірі болып табылатын трансгендер адамдарды қорғауды өз міндеті санайды.

Қорытындылай келгенде,  Париж-2024 олимпиадасында көрсетілген шоуды "жантүршігерлік тәртіпсіздікті тудырумен қатар жүгенсіздікті насихаттау" деген сөздермен сипаттауға болады. Қазіргі таңда Еуропада жүгенсіздік белең алып барады. Сондықтан бұл шоуды Еуропа мен Францияның қазіргі шындығынан алыс деп санауға болмайды.

Тегтер