Шіл 31, 2024 15:49 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи Исмаил Ханияның шәһид болғанына көңіл айтты

Ислам революциясының жетекшісі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесі басшысының шәһид болғанына көңіл айтып: "Қылмыскер әрі террорист сионистік режим осы әрекеті арқылы өзінің ауыр жазалануына жағдай жасады",-деді.

ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания шәһид болғаннан кейін имам Хаменеи ислам үмбеті, қарсыласу майданы және Палестина халқына осы көрнекті күрескердің шәһид болуына орай көңіл айтып: "Қылмыскер әрі террорист сионистік режим осы әрекеті арқылы өзінің ауыр жазалануына жағдай жасады. ИИР территориясында төңілген оның қанына кек алуды өз міндетіміз санаймыз",-деді.  

Pars Today ақпарат агенттігінің Ислам революциясының жетекшісі кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, имам Хаменеидің көңіл айту хатының мәтінін жариялады.  

Алланың атымен бастаймыз!

انا لله و انا الیه راجعون

Иранның әзиз халқы!

Палестинаның көрнекті күрескері әрі батыл басшысы Исмаил Хания кеше таңертең о дүниеге аттанып, қарсыласу майданының өзегін өртеді. Қылмыскер әрі террорист сионистік режим біздің ардақты қонағымызды біздің үйімізде шәһид етіп, бізді қайғыға батырды, бірақ өзінің ауыр жазалануына да жағдай жасады.  

Шәһид Хания жылдар бойы жанын шүберекке түйіп, күреске аттанып, шәһид болуға дайын еді. Ол осы жолда өз балалары мен туыстарынан да айырылды.  

Ол Алла жолында және Алланың құлдарын азат ету жолында шәһид болудан еш қорықпады. Бірақ біз ИИР территориясында орын алған осы ащы оқиғадан соң оның кегін алуды өзімізге міндет санаймыз.

Мен ислам үмбетіне, қарсыласу майданына және Палестинаның батыр халқына, әсіресе шәһид Ханияның әулеті және онымен бірге шәһид болған серігінің жанұясы мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Алла тағаладан о дүниеде олардың дәрежесін өсіруді сұраймын.

Сейіт Әли Хаменеи

31 шілде 2024 жыл   

Тегтер