Maм 19, 2016 20:58 Asia/Almaty
  • Джаһангири Чабаһарда Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің саммитінде (IORA) сөз сөйледі

ИИР президентінің бірінші орынбасары Иранның экономикалық мүмкіндіктері мен әлеуеттеріне Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің саммитіне мүше елдердің (IORA) инвестиция салуына мүдделік танытты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР президентінің бірінші орынбасары Исхақ Джаһангири бүгін, бейсенбі күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Үнді мұхиты жағалауы елдерінің саммиті (IORA) жұмысының басталуы рәсімінде Иранның әртүрлі салалардағы жоғары әлеуеті мен тың мүмкіндігіне тоқталып: «Иран дүниежүзі бойынша газ қорының 18 пайызына ие. Үлкен әрі тың табиғи қорларға ие болуы Иранды осы саладағы әлемдегі он бес елдің қатарына қосады. Иран – Үнді мұхиты жағалауындағы елдерді Орта Азия нарықтарымен байланыстырушы негіз. Үнді мұхиты жағалауындағы елдер саммитіне мүше елдер Иран арқылы Орта Азияның 300 миллион адамдық нарығына қолжетімділік пен экспорт және импортқа ие бола алады. Иранның «алтылық» елдерімен ядролық келісімінен кейін ИИР барлық салаларға инвестиция салуды мақсат етеді. Осындай салалардың бірі – азат аймақтар»» деді. Джаһангири сонымен қатар Үнді мұхиты жағалауында екі миллиард халықтың тұратындығына сілтеме жасап: «Инвестиция, жеке сектордың жұмысы мен Үнді мұхиты елдері саммитына мүше елдердің (IORA) бір-біріне қолжетімділігі осы елдердің дамуы мен ілгерілеуіне септігін тигізеді» деді.

Тегтер