Там 09, 2024 16:26 Asia/Almaty
  • Сен спортшы емессің!

Израиль режимінің Париж олимпиадасына қатысып жатқанына жиіркеніштің көрінісі

Париж-2024 олимпиадасы қорлыққа толы көріністерге байланысты көптеген мәдени өкілдер мен қоғамдардың наразылығына ұшырады. Әрине бұл олимпиаданың жалғыз келеңсіздігі емес. Оның ең үлкен масқарасы Израиль спортшы жауынгерлерінің қатысуы болды. Олардың олимпиада ойындарына қатысуы әлі де наразылық тудырып жатыр.

Франция үкіметі сионистік режим керуенінің Париж олимпиадасына қатысуына қатысты реакциялар мен наразылықтарға рұқсат бермейді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Париж үкіметі: "Францияның қауіпсіздік күштері тәулік бойы сионистік режим керуенін күзетіп жатыр",-деп мәлімдеді. Қазіргі таңда сионистер Париж-2024 олимпиадасында қиын кезеңдерді бастан кешіріп жатқаны анық. Сионистік режимнің спортшысы қатысқан әрбір жарыста көрермендер жарыс залына жиналып, Палестина туын көтеріп, сионистік спортшыны «һуу» деп мазақ етеді.

Осы арада спортшылардың наразылық танытуы да аз болған жоқ. Алжирлік дзюдошы Масуд Резван Идрис сионистік режимнің Газа халқына қарсы қылмыстарына наразылық ретінде Израиль өкілімен белдесуден бас тартты. Иранның қайықшысы Зейнаб Ноурузи Палестина халқына қолдау ретінде Иран мен Палестинаның тілеулестігін білдіретін тумен шықты.

Тәжікстан дзюдошысы Нурәли Имомали Париж-2024 олимпиадасында 1/16 кезеңде белдескеннен кейін сионистік режимнің өкіліне қол беруден  бас тартты. Тәжікстандық дзюдошы татамиден кетер алдында Алланың ұлы екеніне және бір екеніне нұсқап, сұқ саусағын көтерді. 

Оқиға мұнымен бітпейді. Стадиондардың сыртында Париж қауіпсіздік органдарының қатаң қатынасына қарамастан, Израиль спорт керуенінің болуына наразылық білдірушілер мен депутаттардың айқайы қатты.

Француз заң шығарушы Томас Портс Париждегі бір шеруде: "Олимпиада ойындарында Израиль спортшыларын мақтауға болмайды. Ресейге жасалғандай, Халықаралық олимпиада комитетіне Израильдің туы мен әнұранына тыйым салсын деп қысым жасау керек",-деді.

Басқа жағынан тіпті Израильмен байланысы бар желілер де әлем халқының сионистік спортшыларды жек көретінін мойындайды. Израиль режимінің Премьер-министрі кеңсесіне қарасты «Iran-International» антиирандық арнасының тілшісі Бабак Исхаги жуырда бір мақаласында Палестинаны қолдайтын халықтар мен елдердің олимпиадаға қатысып жатқан Израиль өкілдерін жек көретінін мойындап, бұл жиіркеніштің себебін Иранның жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстары деп атады.

Мәселе мынада, Париж-2024 олимпиадасы Израиль режимі спортшыларының қатысуына мүмкіндік беріп, бұл халықаралық шара қағидаттарын бүкіл әлемге тарату және насихаттау болып табылатын басты мақсатынан бас тартқанын көрсетті.

2024 жылғы олимпиаданы ұйымдастырушылар бұл кезеңге режимнің қатысуына рұқсат берді. Ал олар "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғаннан бері көптеген палестиналық спортшылардың өмірін қиған еді.

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің қылмыстары салдарынан Палестинада спортпен айналысатын 350 спортшы, төреші мен жаттықтырушысы және осы елдің 250 футболшысы шәһид болды.

Тегтер