Исламофобия – арнайы жоба
(last modified Sun, 11 Aug 2024 09:45:05 GMT )
Там 11, 2024 15:45 Asia/Almaty
  • Исламофобия – арнайы жоба

"Х" әлеуметтік желісін қолданушылар Ұлыбританияда исламофобияның артқанына алаңдаушылық білдіріп, биліктің исламофобияны тоқтатуға талпыныс жасамай отырғанын сынады.

Ұлыбританияда мигранттарға қарсы ұрандармен қатыгез наразылықтар болып жатқанына бір апта болды. Оңшыл белсенділер үш қызды өлтірген бір адамның болмысы туралы теріс ақпаратты тарату үшін әлеуметтік желілерді пайдаланғаннан кейін наразылықтар басталды.

Ұлыбританияның Саутпост қаласында ішімдікке тойып алған 17 жастағы жасөспірім 3 баланы пышақтап, бір ересек адам мен басқа 8 баланы жаралап, бүкіл елді шулатты.  

Pars Today ақпарат агенттігінің Guardian газетіне сілтеме жасап хабарлауынша, әлеуметтік желілерде "Күдікті адам – мұсылман босқын" деп қате айтылған. Осы уәждің өзі Саутпост қаласындағы мешітке шабуыл жасалуына жеткілікті болды.

Батыс өз-өзіне түйткіл тудырды

"Х" әлеуметтік желісін қолданушылар ислам мен мұсылмандарға қарсы жиреніш білдіріліп жатқанына реакциясында осындай жағдайға түскен Батыс елдерін түйткілге толы география деп атады.

"Х" әлеуметтік желісін қолданушы Дэвид Мойрис өз твитінде Ұлыбританияда болған шабуылдың мұсылмандарға еш қатысы жоғын айтты.

"Х" әлеуметтік желісін қолданушының Ұлыбританияда болған шабуылдың исламға қатысы жоғын баса айтуы

 

Басқа бір қолданушы Ұлыбританияда мұсылмандарға қарсы агрессияның көбейгенін ескертті. Оның твитінде: "Ұлыбританиядағы мұсылмандар, абай болыңыздар! Алдағы бірнеше аптада елдің түкпір-түкпірінде исламға қарсы бүліктер болады. Бұл өте қорқынышты. Мұсылмандар жасырынуы керек дегенге сенгім келмейді",-делінген.

"Х" әлеуметтік желісін қолданушының Ұлыбританияда мұсылмандарға шабуылдардың көбейгенін айтуы

 

Исламофобия жобасы

"Х" әлеуметтік желісін қолданушы әрі қазіргі заман тарихын зерттеуші Маджид Тафреши исламофобияны бір жоба деп атап: "Исламофобияның бір арнайы жоба екені анық. Ол бір жерден бастау алып, қаржыландырылып отыр"-деп жазды.

Қазіргі заман тарихын зерттеуші: Исламофобия – бір жоба

"Х" әлеуметтік желісін қолданушы Сурена: "Әлем халқы билеушілердің өтірігі мен қылмыстарынан шаршады. Сондықтан ақиқатты іздеуге кірісті. Ал ақиқат ислам дінінен басқа жерде табылмайды. Исламға қарсылар исламофобия жобасын іске қосқаны анық. Бірақ Алланың қолы олардан үстем",-деп еске салды.

"Х" әлеуметтік желісін қолданушы ақиқаттың ислам дінінен басқа жерде табылмайтынын айтты.

Батыс елдерінде исламға бет бұру күшейді

Британ журналисі Роберт Картер өзінің ислам дініне бет бұрғанын айтып: "Жас кезімде британ национализмін ұстанып, исламофобияға тартылдым. Мен ашулы, адасқан сауатсыз жан едім. Қазір мұсылманмын. Әлхәмдуллила! Мен өмірді, барлық қауымдарды жақсы көремін. Соның нәтижесінде мен мықты болдым. Ислам британдықтарға қатерлі емес",-деп жазды.

Ислам қабылдаған қолданушы: Ислам британдықтарға қатерлі емес  

 

Ұлыбританиядағы исламофобияны бақылап отыратын  Tell Mama институтының жуырда әсіре оңшылдардың мұсылмандардан қорқу сезімін тудыруға тырысатынын ескертті.

Tell Mama институтының хабарлауынша, Ұлыбританияда мұсылмандарға жиреніш білдіру әрекеттері үш есе артты. Тіпті 10 мешітке, соның ішінде Саутпост, Хартпул, Ливерпулдағы мешіттерге әсіре оңшылдар шабуыл жасады немесе сес көрсетті. Соның салдарынан мұсылмандардың бірқатары үйлерінен шыға алмай отыр. Әсіресе хиджаб киген әйелдер көшеде шабуылға ұшыраймыз ба деп алаңдап отыр.