Там 17, 2024 20:04 Asia/Almaty

Брандейс университетінің зерттеушісі пайымдауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды санкциялық режимі Иранның орта табына кері әсерін тигізді.

АҚШ-тың атақты тілшісі әрі сараптамашысы Фарид Закария "Вашингтон Пост" газетіне жазған "АҚШ-тың Иранға қатысты сәтсіз тәсілін шынымен стратегия деп атауға болмайды" деген мақаласында АҚШ-тың Иранға қарсы стратегиясының сәтсіздікке ұшырауының себептерін зерттеп, сараптады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл жазбада ол Вашингтонның Иранға қатысты саясатының үйлесімді стратегияның орнына барынша қысымға негізделген көзқарасқа айналғанына назар аударды. Мақаланың жалғасында осы талдаудан үзінді береміз:

АҚШ-тың Иранға қарсы стратегиясы соңғы жылдары сәтсіз болғаны анық. Бұл сәтсіздік үйлесімді стратегиядан гөрі максималды қысымға бағытталған саясаттан туындайды. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2018 жылдың мамыр айында Иранның ядролық келісімінен шыққаннан кейін АҚШ Иранға қарсы «барынша қысым» саясатын ұстанды. Иранға салынған санкциялардың саны Барак Обама кезінде 370 болса, Трамп тұсында 1500-ден асқан. Сөйтіп Иран әлемдегі ең көп санкция салынған елге айналды. Ядролық келіссөздерге қатысушылар – еуропалық державалар, Ресей мен Қытай бұл саясатқа қарсы болғанымен АҚШ екінші реттік санкцияларды қолдана отырып, бұл елдердің Иранмен сауда жүргізуіне жол бермеді.

Бірақ бұл саясаттың нәтижесі қандай болды? Ядролық келісімнің шектеулерінен құтылған Иран өзінің ядролық бағдарламасын қарқынды дамытты. АҚХА-нің айтуынша, қазір Иранда келісілген лимиттен 30 есе байытылған уран бар. Ядролық келісім Иранның ядролық қару жасауға қажетті ядролық отынды өндіру уақытын бір жылға кейін шегерді. Бірақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өткен айда Иранның ядролық қару жасауына небәрі бір-екі апта қалды деп мәлімдеген.

Басқа жағынан Иран сыртқы қысымдарға аймақтық топтармен қарым-қатынасын нығайту арқылы жауап берді. Бұл топтарға Ливандағы Хизбулла, Газадағы ХАМАС, Йемендегі хуситтер, Ирак пен Сирияның қарсыласу күштері кіреді. Бұл «қарсылық өзегі» Израильді соңғы онжылдықтардағы ең ұзақ және ең қауіпті соғысқа батырды. Қызыл теңіздегі Израиль режиміне бағытталған кемелердің шамамен 70 пайызының қозғалысын бұзып, Ирак пен Сирияны серіктес елдерге айналдырды. Қай жағынан алсақ та, Вашингтонның Иранға қатысты саясаты сәтсіз аяқталды.

Барынша қысымның сәтсіз болуының себебі неде? Брандейс университетінің зерттеушісі Хади Кахелзаденің пайымдауынша, АҚШ-тың Иранға қарсы ауқымды санкциялық режимі Иранның орта табына кері әсерін тигізді. Бұл санкциялар орта таптың дипломатияның жаңа кезеңін қолдаған саясаткерлерге деген сенімін жоғалтуына себеп болды. Басқа жағынан Ирандағы оппозиционерлік ағым АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуын оның заңдылығының дәлелі деп атап, бұл келіссөздерді басынан жарамсыз деп санайды. Бұл оларға қытайлық инвесторларға есіктерін ашуға және бос орынды толтыру үшін адал бизнес мүдделерін пайдалануға мүмкіндік берді.

Иран жастары

Тіпті Масуд Пезешкиан сияқты реформатор президенттің өзі нақты билікті ұстайтын діни және әскери органдарға қосылды.

Ақырында Вашингтонның дәйекті стратегия ұстанбай, Иранмен жауласып, оған қысым жасауы сәтсіздіктен басқа ештеңеге бермеді. АҚШ пен оның одақтастары қысым құралдарына назар аударудың орнына Иран Ислам Республикасының барын шындық деп қабылдайтын және шиеленісті азайтуға ынталандыратын саясатты әзірлеуі керек. Бұл әрекет деэскалацияға әкелмеуі мүмкін, бірақ бұл тұрақсыз аймақта ұзақ қанды соғыстың туындауының алдын алады.

 

Тегтер