Там 18, 2024 20:27 Asia/Almaty
  • Араб сарапшысы: Егер АҚШ Газадағы соғысты тоқтатқысы келсе, Израильге 20 миллиард долларлық қару бермес еді

Атван өз мақаласында араб елдерінің Газадағы атысты тоқтату келіссөздеріне көзқарасын талдап, Мысыр мен Катар сияқты араб араағайындардың рөлін қатты сынға алып: "Нетаньяху Газадағы әл-Дардж төңірегінде қасақана қырғын жасағаннан кейін де бұл елдер ешқандай шартсыз келіссөздерге кірісті",-деді.

Араб әлемінің көрнекті сарапшысы әрі жазушы Абдулбари Атван "Рай әл-Яум" газетінде жазған мақаласында ХАМАС қозғалысының басшысы Яхия әл-Санвардың Доха келіссөздеріне байкот жариялау шешімін талдады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдулбари Атван бұл мақалада әл-Санвар шешімінің ХАМАС-тың сыртқы қысымға қарсы абыройы мен күшін көрсететінін айтты.

Ол сондай-ақ ХАМАС қозғалысының бұл шешімін АҚШ қоқан-лоқыларының сәтсіздікке ұшырағанының белгісі және Газа секторына қарсы соғыстың соңғы 10 айындағы араб араағайындарының қарқынды қысымының нәтижесі деп бағалады.

Атван: "Бұл келіссөздер АҚШ ОББ-ның басшысы Уильям Бернстің бақылауымен асығыс ұйымдастырылды. Оның мақсаты қарсылық өзегінің Теһранда ХАМАС қозғалысының саяси кеңсесінің бұрынғы басшысы шәһид Исмаил Хания мен Бейруттің оңтүстігінде Хизбулла ұйымының бас қолбасшысы Фуад Шекардың өлтірілуіне қатысты реакциясын тоқтату немесе кейінге қалдыру болды. Бірақ бұл мақсат нәтиже бермейді, өйткені Нетаньяху бұл қастандықтарды аймақта соғыс отын тұтатып, АҚШ пен оның батыстық одақтастарын тарту мақсатында әдейі жасады. Тіпті АҚШ Президенті Джо Байден соғысты тоқтатқысы келмейді, Нетаньяху мен оның кабинетіне қысым көрсетуге батылы бармайды, көзі бақырайып үнсіз ғана оның қойған талабын орындап отыр. Соңғысы – жиырма миллиард доллар тұратын озық әскери техника. Соның ішінде Израильге F-35 қырғи ұшақтары мен жойқын күші жоғары бомбалар жөнелтілді. Бұлар тау астында орналасқан бекіністерді жоюға қабілетті",-деді.

Атван: "Газа туннельдерінің бірінің астынан әскери және саяси шайқастарды басқарып отырған ХАМАС қозғалысының басшысы Яхия әл-Санвар АҚШ пен басқыншы режимнен қорықпайтынын дәлелдеді, қорыққан әрі бағынған араб басшыларына мән бермейтінін және сионистерге күш пен әскери шайқас тілімен қарсы тұратынын көрсетті",-деді.

Атван: "Нетаньяху Газаның әл-Дардж төңірегіндегі мектепті жойып, шәһид Ханияны өлтіру арқылы қарсыласуды қорқыта аламын деп ойлады. Оның шарттарына Мысыр мен Палестина шекарасындағы Салахаддин жерінде (Филадельфия) басқыншы күштерді ұстау және Газа секторына қалаған уақытта қайтадан шабуыл жасау құқығы, сондай-ақ қарсыласу жауынгерлерінің Газа солтүстігіне қайтуына жол бермеу үшін Нетсаримде бақылау-өткізу пунктін құру кіреді",-деп жазды.

Бірақ нәтиже мүлдем керісінше болды. Солардың ең айқыны Катар астанасы Дохада атысты тоқтату және тұтқындармен алмасуға қол жеткізуге бағытталған  келіссөздердің жаңа кеңезіне ХАМАС-тың қатыспауы және осыған байланысты бұрынғы талаптар мен келісімдердің орындалуын талап етуі болды. 10 айлық соғыс Газадағы Палестиналық қарсыласу басшыларының жұмсақтық танытуына себеп болған жоқ. Бұрын «Кэмп Дэвид» пен «Ослоның» компромистік келісімдері бірнеше күн, тіпті бірнеше сағат ішінде жасалған еді.

Ол араб араағайындардың келіссөздерге қатысып, «араб барлау ұйымдары басшыларының АҚШ талаптарына көнгеніне» сілтеме жасап, мұны Вашингтонның сионистік режимге және оның қылмыстарына қолдау көрсетуі және арабтарға мақтануы деп атады.

Бұл сарапшы араб басшыларына: "Жетістіктер, даналық пен парасаттылық туралы айтыңыздар. Нетаньяху мен оның генералдарына қызмет етуден және басып алынған Палестинамен құрлық шекарасы арқылы сионистік режимнің азық-түлік қажеттіліктерін қамтамасыз етуден бас тартыңыздар. Әсіресе Газа тұрғындарына бір қап нан, бір бөтелке су немесе бір картон дәрі жібере алмай отырғандарыңызды айтыңыздар",-деді.

Ол АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс, Батыс Азия істері жөніндегі АҚШ өкілі Амос Хокштейн және Ақ үйдегі Батыс Азия және Солтүстік Африка істерінің үйлестірушісі Бретт МакГуркты қоса алғанда, аймаққа төрт америкалық өкілді жіберуі АҚШ-тың аймақтағы жағдайға қатты алаңдап, қорқып отырғанын және Вашингтонның сионистік режимнің басқыншылық пен қырып-жоюды жалғастыруын қалайтынын көрсететінін айтып: "АҚШ араб басшыларына оңай алданатын есуастар ретінде қарайды",-деді.

Ол АҚШ-тың соғыс кемелері мен ядролық сүңгуір қайықтар арқылы қоқан-лоққы жасауы йемендіктердің жүрегінде үрей тудырмағанын айтып, ХАМАС саяси кеңсесінің жаңа басшысын мақтап: "Күрескер Әл-Санвар өзінің Газадағы астыртын орталығынан Мұхаммед әд-Заиф және Марван Иса сияқты орынбасарларының көмегімен жағдайды сенімді түрде басқаруға құқылы. Біздің ойымызша, бұл күрескер Палестина халқын ғана емес, араб әлемін де басқара алатын қабілетке ие",-деді.  

Тегтер