Иран мен Россия – Сирияда лаңкестікпен күрестің демеушілері
(last modified Thu, 19 May 2016 15:54:23 GMT )
Maм 19, 2016 21:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Россия – Сирияда лаңкестікпен күрестің демеушілері

Россияның «Спутник» хабар агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Россия Сыртқы Істер министрі Сергей Лавров баспасөз маслихатында Австрияның Вена қаласында өткен Сирияны халықаралық қолдау тобының отырысының нәтижелері туралы: «Иран мен Россия лаңкестікпен күреске қолдау көрсетіп отыр. Сирия армиясының барлық осалдықтарына қарамастан құрлық амалдарында бұл елде Сирия армиясынан басқа күштер жоқ.

Сирия дағдарысын жою үшін ортақ талпыныс жасау қажет. Сириялық тараптар арасындағы алауыздықтарды шешуге тағайындалған халықаралық топ келіссөздерінің альтернативті раунды жақында өтеді» деді.

Бес жыл бұрын Америка өзінің батыстық-араб одақтастарымен, әсіресе Арабстан мен сионистік режиммен бірлесіп әлемнің әртүрлі елдерінің ең әсірешіл лаңкестерін қаржылай, қару-жарақ және ақпараттық қолдауларымен ұйымдастырып, Сирияның қалаларына соғысу үшін аттандырған болатын.

Өткен сегіз айда Россияның серіктестігі және сириялық әскерлердің талпыныстарымен лаңкестік топтар тұралап қалғаннан кейін Америка атысты тоқтату бітімін қабылдап, Россия мен Иранның сириялық тараптардың келіссөздерін қайта бастау туралы жасаған ұсыныстарын қабылдауға мәжбүр болды.