Аракчи Иранның аймақтағы маңызды рөлін қуаттады
Иран Сыртқы істер министрінің құқытық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары аймақта маңызды шешімдерді қабылдау саласындағы Иранның сындарлы рөлін қуаттады.
Жапониядағы қоғамдық саясат халықаралық зерттеу орталығының отырысында баяндама жасау үшін Токиоға сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи бейсенбі күні аталмыш отырыстың аясында Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары Суги Ямомен кездесіп, пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары кездесуде: «Иран ядролық келісімнен бұрын да, одан кейін де әрқашан аймақта маңызды рөл атқарды және аймақ мәселелерін шешуге қатысатын маңызды мемлекеттердің бірі болды»,- деп қуаттады. Арақчи Иран мен Жапонияның санкциялар кезіндегі жақсы қарым-қатынастарына тоқталып: «Сол кезде Жапония үкіметінің талпынысымен ашылған арнайы SPA шоты келіссөздер кезінде Иранның дәрі-дәрмек және медициналық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесті»,- деді.
Жапония Сыртқы істер министрінің орынбасары да бұл кездесуде: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы тарихи жетістік ретінде аймақтағы Иран туралы пікірлерді оң және әсерлі түрде өзгертті»,- деді.