Қыр 23, 2024 16:34 Asia/Almaty
  • Әлемдегі израильдік компанияларға бойкот жариялау; Еуропалық наразылардың сионистік нәсілшілдікке қарсы ұраны

Кеше Еуропаның әртүрлі қалаларында Палестина ұлтын қолдаушылардың шерулер өтті. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, еуропалық шерушілер палестиналықтарға қолдау көрсете отырып, сионистік режимнің Газадағы қырғынын тоқтатуды талап етті.

 

Швеция астанасы Стокгольмде наразылық білдірушілер қолдарына «Геноцидті тоқтатыңыз» және «Газада балалар қырылуда» деген жазуы бар плакаттар ұстады.

Шведтік қоршаған ортаны қорғау белсендісі Грета Тунберг демонстрацияның шетінде журналистерге: "Геноцид кезінде үнсіздік - оған қатысу дегенді білдіреді. Біз Израиль компанияларына бойкот жариялап, оларға қарсы санкция салуымыз керек",- деді.

Римдегі итальяндық шерушілер Италия үкіметінің сионистік режимге қолдау көрсетуін сынай отырып, азат Палестина - құқық екенін баса айтты.

Англиядағы Палестинаның мыңдаған жақтастары да сенбі күні Ливерпуль қаласында Лейбористік партияның жыл сайынғы конференциясы алдында шеру өткізді.

Британ халқы шеруге шығып, сионистік режимнің Газадағы айуандық қылмыстарын айыптап, Ұлыбритания үкіметі мен Израиль режимі арасындағы қару-жарақ саласындағы ынтымақтастықты тоқтатуды талап етті.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарынан 41 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 95 мыңнан астамы жараланған.

 

Тегтер