Қыр 23, 2024 17:37 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысы: Израильдің Газадағы операциясы бұрын-соңды болмаған өлім деңгейіне жетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жексенбі күні: «Израильдің Газадағы әскери операциясы бұрын-соңды болмаған өлім мен қирату деңгейіне жетті»,- деп мәлімдеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш жексенбі күні Батыс Азия аймағындағы шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдірді. Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Гутерриш Израильдің Газадағы әскери операциясының бұрын-соңды болмаған өлім мен қирату деңгейіне жеткенін айтып, Ливанның басқа Газа секторына айналуына алаңдаушылық білдірді.

Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы: «Біз Ливанның тағы бір Газаға айналуына алаңдаймыз, бұл әлем үшін жойқын трагедия болады»,- деді.

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат басқармасының басшысы Жозеп Боррель де жұма күні Израиль режимінің Бейруттың оңтүстік шетіне жасаған шабуылынан кейін Батыс Азия аймағындағы шиеленістің күшеюіне алаңдаушылық білдірді.

Жексенбі күні кешкі ақпарат көздерінің хабарлауынша, Израиль режимінің Бейруттің оңтүстік шетіне жасаған әуе шабуылында екі баланың денесі үйінді астынан шығарылғаннан кейін шәһидтер саны 50-ге жетті.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, кейбір шейіттердің денелері бөлшектелген.

Өткен жұмада сионистік режим Бейруттің оңтүстік шетіндегі халық тығыз орналасқан аудандағы ғимаратты нысанаға алды.

 

 

 

Тегтер