Асад: Батыс тәуелді мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға талпынуда
Сирия Президенті Батыстың тәуелді мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатуға талпыныс жасап жатқанын мәлімдеді.
Сирияның ресми ақпарат агенттігі «САНА»-ның мәліметінше, Сирия Президенті Башар Асад Оңтүстік Африканың халықаралық қарым-қатынастар және ынтымақтастықтар министрінің орынбасары Нумандиа Мофикито ханыммен Дамасктегі кездесуінде: «Батыс мемлекеттері серіктес пен досты қаламайды. Олар қастарынан тәуелді, өз еріктерінен айрылған мемлекеттерді көргілері келеді. БРИКС тобының мүшелері, әсіресе Оңтүстік Африка республикасы халықаралық қарым-қатынастарда теңгерім орнатуда маңызды рөл атқарып, Батыстың билеп-төстеуі мен елдердің ішкі істеріне араласу әрекеттерінің алдын ала алады»,- деді.
Оңтүстік Африканың халықаралық қарым-қатынастар және ынтымақтастықтар министрінің орынбасары да бұл кездесуде өз елінің Сирияның лаңкестіктермен күресуін және дағдарысты бөгделердің араласуынсыз шешуін қуаттайтынын мәлімдеді.