Неліктен парсы тілі үнді тарихынан ажырамайды? 33 миллион жаңа құжатты цифрландыру
(last modified Mon, 18 Nov 2024 10:50:43 GMT )
Қар 18, 2024 16:50 Asia/Almaty
  • Неліктен парсы тілі үнді тарихынан ажырамайды? 33 миллион жаңа құжатты цифрландыру

ParsToday – «Нур» халықаралық микрофильмдер орталығы Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Мемлекеттік құжат орталығында парсы тіліндегі 33 миллион бет құжаттарды қалпына келтіреді және цифрлайды.

Андхра-Прадеш үкіметінің ғылыми-зерттеу институты және құжаттама орталығы Бахмани, Кутб Шахи, Адель Шахи, Могол және Асиф Джахи кезеңдерінің, Шығыс Үндістан компаниясының өте құнды құжаттарының қазынасы және Үндістан тәуелсіздік алғаннан кейінгі құжаттарды жинақтады. Олар парсы, телугу, канда, маратхи, урду және ағылшын тілдерінде.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Үндістанда жұмыс істейтін Noor Microfilm институтының директоры Мехди Хажепири: «Андхра-Прадеш мемлекеттік құжаттама орталығында 43 миллионнан астам құжат бар және осы құжаттардың ішінде 33 миллион құжат парсы тілінде, оны Иран мен Үндістанның ортақ мұрасының бөлігі ретінде сипаттауға болады»,- деп хабарлады.

Хаджепири Иран мен Үндістанның екі елі арасындағы мәдени, ғылыми және тарихи қарым-қатынастарды нақтылау үшін осы жинақтың парсы құжаттарын қарастырып: «Бұл құжаттар шын мәнінде екі елдің мәдени қарым-қатынастарын тереңдетуге үлкен әсер етеді»,- деді.

1402 жылы Noor Microfilm орталығы атынан Үндістан мен Иран үкіметтері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оны кейбір сарапшылар «Иран мен Үндістанның ең маңызды мәдени құжаты» деп сипаттайды.

Осы меморандумға сәйкес Noor Microfilm орталығы цифрландыру, каталогтау, тарихи құжаттарды қалпына келтіру және осы ресурстарды ұйымдастыру төрт бағыт бойынша жұмыс істейді.

Осы жоба басталғалы екі миллион құжат цифрландырылды, сонымен қатар 53 кітап мұқабасы түріндегі 42 мың құжат, индекстеу және осы мұрағаттың 580 мың бет құжаттары қалпына келтірілді.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың маңызды бөлігі Үндістан мен Иранның ортақ мұрасын сақтауға және жаңғыртуға бағытталған.

Иран мен Үндістанның екіжақты мәдени байланыстарына сәйкес, өткен жылы Теһрандағы Үндістан мәдени орталығында «Үндістандағы парсы тілінің орны» кездесуі өтті.

Балрам Шукла, Үндістанның Ирандағы мәдени кеңесшісі осы отырыста: «Парсы тілін Үндістан тарихынан бөлуге болмайды және осы тіл арқылы Иран мен Үндістан арасында жасалған байланыс үзілмейді»,- деп айтты.

Үндістанның Ирандағы елшісі «Рудра Гаурав Шрест» де осы рәсімде парсы тілін білу екі елдің мәдениеті мен әдет-ғұрыптары арасындағы байланыс үшін өте маңызды екенін айтып: «Парсы тілі екі елдің мәдени ортақтығында маңызды рөл атқарды және бұл өзара әрекеттестік жалғасуы керек»,- деп мәлімдеді.