Франциялық басылым: Сирия хаосқа батып, Ливия сияқты бөлшектенеді
(last modified Tue, 10 Dec 2024 06:37:25 GMT )
Жел 10, 2024 12:37 Asia/Almaty
  • Франциялық басылым: Сирия хаосқа батып, Ливия сияқты бөлшектенеді

ParsTodау- Франциялық басылым Ливияның тағдырын еске алып, Сирияны да дәл осындай тағдыр күтіп тұрғанын және бұл жағдай аймақты жылдар бойы дағдарысқа ұшыратуы мүмкін екенін жазды.

 

Францияның «Viral Mag» басылымы талдауында Сириядағы қазіргі жағдайды Муаммар Каддафи үкіметі құлағаннан кейінгі Ливиядағы жағдаймен салыстырып: «Сәт сайын Сирияның бұл елдегі хаос пен бөлінушілікке батып бара жатқаны туралы алаңдаушылық одан сайын артып келеді",- деп жазды.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сириядағы қарулы оппозицияға шетелдік жауынгерлердің көмектесіп жатқанын баяндаған франциялық «Viral Mag» басылым: «Башар Асад құлағаннан кейін Сирия бытыраңқы жерге айналады, ал қарсыластар табыс үшін жарысады; Бұл жағдай аймақ елдері үшін босқындық, тұрақсыздық және дағдарыс сияқты салдары болатын үлкен қорқыныш",- деп мәлімдеді.

Viral Mag осы күйреу жағдайында халықаралық қауымдастықтың дәрменсіз болып қалғанын және Сириядағы саяси шешімді табуға бағытталған дипломатиялық күш-жігердің нәтижесіз болғанын жазуды жалғастырады.

Сирия армиясының қолбасшылығы жексенбі күні таңертең Сирия президенті Башар Асад үкіметінің құлағанын жариялады. Сирия армиясы қолбасшылығының мәлімдемесі лаңкестер мен қарулы топтардың астанасы Дамаскті басып алғаннан кейін, сондай-ақ Башар Асадтың елден кеткені уралы хабардан кейін жарияланды.