Йемен 5 американдық кемеге шабуыл жасады;  Израиль режимі Сирияны ауыр бомбалауын жалғастыруда  
(last modified Wed, 11 Dec 2024 10:57:22 GMT )
Жел 11, 2024 16:57 Asia/Almaty
  • Йемен 5 американдық кемеге шабуыл жасады;  Израиль режимі Сирияны ауыр бомбалауын жалғастыруда  

ParsToday - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) 2025 жылғы басшысы болып ИИР Мұнай министрі Мохсен Пакнежад сайланды.

 

Йемен қарсыласуының Американың 5 кемесіне шабуылы, үш еуропалық елдің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты талаптарын қабылдамау, Иранның 2025 жылы ОПЕК-ке төрағалық етуі, Ұлыбританияның сионистік режимнің Сирияны бомбалауына қолдау көрсетуі және Франция әскерлерінің Чадтан шығарылуының басталуы - Sahab желісінің әлемдегі соңғы оқиғаларға шолуы.

 

Йемен 5 американдық кемеге зымырандық шабуыл жасады

«Әл-Алам» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья әл-Сари сейсенбі күні түнде ел қарулы күштерінің америкалық 5 кемеге зымырандық шабуыл жасағанын хабарлады. Яхья әл-Саридің айтуынша, Йемен қарулы күштері Джибути портынан шыққаннан кейін Американың үш көмек кемесі мен Аден шығанағындағы екі америкалық эсминецті нысанаға алған.

 

Ұлыбритания: Хаят Тахрир аш-Шаммен сөйлесуге ешқандай кедергі жоқ

Британ премьер-министрі кеңсесі Тахрир әл-Шамның лаңкестік ұйымдар тізімінде болуын осы лаңкестік топпен алдағы келіссөздерге кедергі ретінде қарастырмады. Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі сейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Хаят Тахрир әш-Шамның қызметіне Ұлыбританияда тыйым салынғанымен, бұл тыйым Лондонда осы топпен болашақ келіссөздерге кедергі болмайды»,- деп айтылды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Лемми сейсенбі күні сионистік режимнің Сирияға жасаған шабуылдарын қолдап: «Бұл шабуылдар біздің барлық  топтардан тұратын инклюзивті қоғам құру тілегімізбен сәйкес келеді»,- деді.

 

Сирияның Латакия және Тартус қалаларында жан түршігерлік жарылыс болды

Сәрсенбі күні таңертең БАҚ сионистік режимнің әуе шабуылдары нәтижесінде Сирияның Латакия және Тартус облыстарында ауқымды жарылыстардың орын алғанын хабарлады. Бұған дейін Израиль армиясы соңғы күндері Сирияның стратегиялық қару-жарақ қоймаларының басым бөлігін, соның ішінде әскери кемелер, әуежайлар, ұшақтар, танктер мен зымырандарды жойғанын хабарлаған.

Сонымен қатар, сионистік армияның сейсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, бұл режим соңғы 2 күнде Сирияға 480 шабуыл жасады.

 

Хизболла: Біз Сирия халқына әлемнің қолдауын қалаймыз

Al-Alam арнасының хабарлауы бойынша, Ливан Хизболласы сейсенбі күні мәлімдеме жасап, халықаралық қауымдастық пен ислам және араб елдерінің қазіргі маңызды және шешуші кезеңде Сирия еліне қолдау көрсетуге жауапты екенін мәлімдеді. Хизболла бұл мәлімдемесінде Израильдің Сирияға жасаған шабуылдарын Қауіпсіздік Кеңесі, халықаралық қауымдастық және ислам және араб елдері тарапынан айыптауға шақырды.

 

Ақ үй: АҚШ әскерлері Сирияда қалады

Америка Құрама Штаттарының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісінің орынбасары Джон Файнер сейсенбі күні: «Америка күштері Сирияда қалады, өйткені олардың бұл елде маңызды миссиясы бар»,- деді.

 

Бақаи: Біз кез келген қарама-қайшылыққа жауап береміз

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи сейсенбі күні кешке Франция, Германия және Англия сыртқы істер министрліктерінің баспасөз өкілдерінің ортақ мәлімдемесінде Иран Ислам Республикасының бейбіт ядролық бағдарламасындағы соңғы өзгерістерге қатысты айтылған уәждерін теріске шығарып:  «Иранның соңғы уақыттағы жетілдірілген центрифугалардың көбірек санын іске қосу шешімі ядролық қаруды таратпау келісіміне (NPT) мүше елдердің құқықтары аясында және тиісті хабарлаумен және Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен жасалды»,- деп баса айтты. 

Бақаи сөзінің жалғасында: «Ортақ қадам бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты қазіргі жағдайға Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық әрекеттері мен өтемақы қадамдары емес, бір мүшенің біржақты түрде шығуы және үш еуропалық мүшенің өз міндеттемелерін орындамауы себеп болды»,- деп мәлімдеді.

 

Иранның Мұнай министрі ОПЕК-тің кезеңдік төрағасы болды

«ОПЕК» мұнай экспорттаушы елдер ұйымының алдағы жылы   басшысы болып ИИР-ның Мұнай министрі Мохсен Пакнежад сайланды.

 

Франция Чадтан әскерін шығара бастады

Француз армиясы сейсенбі күні: «Чад Парижбен әскери ынтымақтастығын тоқтатқаннан осы африкалық елден әскерлерді шығару процесі басталды»,- деп жариялады.

Франция бұған дейін Батыс Африка елдерінде француздарға қарсы пікірлердің таралуына байланысты Малиден, Буркина-Фасодан және Нигерден әскерлерін шығарған болатын.