Иран мен Үндістан ынтымақтастығында жаңа маусым басталады
Үндістанның үкімет басшысы Иранға сапар шегуі қарсаңында екі елдің ынтымақтастықтарында жаңа маусымның қалыптасып келе жатқанын мәлімдеді.
Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Моди Иран ислам республикасының ақпарат агенттігіне берген сұхбатында осы жаңа қарым- қатынаста Иранның оңтүстік шығысындағы Чабахар портының транзит, энергия және сауданың аймақтық орталығына айналатынын айтты.
Нарендра Моди Чабахар портының аймақ елдерінің сауда- саттық алмасуларын кеңейтудегі маңыздылығына тоқталып: "Чабахарға қаржы салу мүмкіндіктері Иран мен Үндістан және бүкіл аймақ үшін пайдалы бола алады" деді.
Үндістанның үкімет басшысы Иранның Чабахар портынан Үндістанның Гуджарат қаласына газ тасымалдау құбыр жолының болашағы жөнінде: "Екі ел Ираннан Үндістанға газ жеткізілімінің барлық қолайлы тәсілдерін қарастырады" деді.
Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Моди саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, жексенбі күні Иранның жоғары дәрежелі қайраткерлерімен сұхбаттасу үшін екі күндік сапармен Теһранға келеді. Энергия бөліміне қаржы салу, инфрақұрылымдар, Иран, Үндістан, Ауғанстан арасында транзит келісімі құжатына қол қою, түсіністік меморандумы мен мәдени алмасулар бағдарламасына қол қою Модидің Иран сапарының бағдарламаларына жатады деп хабарланып отыр.