Үндістан Иранға 750 миллион доллар қарызын төледі
Иран Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық қауіпсіздік департаментінің Бас директоры Үндістанның алты жарым миллиард долларлық мұнай қарызының ИИР-ның Орталық банкінің есеп-шотына 750 миллион долларының түскені туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің Саяси және халықаралық қауіпсіздік департаментінің Бас директоры Хами Баидинежад жексенбі күні өзінің «Telegram» парақшасында: «Үнді компаниялары қарыздарының бірінші 750 миллион долларлық бөлігінің еуромен Түркиядағы Иранның Орталық банкінің есеп-шотына жіберілуі сомасы жоғары банк аударымына қойылған шектеулер мен рупийді еуроға, яғни валюталарды ауыстыруға салынған тыйымдардың жойылғанын көрсетеді.
Мұнай және мұнай-химия өнімдері мен басқа заттарды тасымалдайтын кемелердің Иранның порттарына кіру және олардың Ираннан шетелдік порттарға, соның ішінде Еуропаға аттануға қатысты тыйымдардың күші жойылған соң осы күндері бірінші кеме Гамбург портына жетті.