Канн фестивалінде Иран екі алтын «Пальма бұтағына» ие болды
Иран кинематографиясының танымал артисі Шахаб Хосейни Франциядағы Канн фестивалінің «ең үздік ерлер рөлі» номинациясының жеңімпазы атанды.
Пресс ТВ-дің мәліметі бойынша, Иран мен әлемге танымал режисерлердің бірі Асғар Фархадидің «The Salesman» («Коммивояжер») фильмінде ойнаған Шахаб Хосейни жексенбі күні 69-шы Канн фестивалінің «ең үздік ерлер рөлі» номинациясының алтын «Пальма бұтағына» ие болды.
Асғар Фархади де аталмыш фильмі үшін «ең үздік сценарий» номинациясының «Пальма бұтағына» ие болды.
Шахаб Хосейни, Таране Әлидусти, Бабак Карими және Мина Садати ойнаған «Коммивояжер» фильмі Артур Миллердің «Коммивояжердің өлімі» атты пьесасында рөл сомдап жүрген жас жұбайлардың өмірін көрсетеді.
Асғар Фархади осыған дейін де «Или туралы», «Надердің Симиден ажырасуы» сынды фильмдерімен көптеген халықаралық жүлделерге ие болды. 2012-ші жылы «Надердің Симиннен ажырасуы» деп аталған фильмі үшін ағылшын тілінен өзге фильмдердің арасында Оскар жүлдесіне ие болды.