Иран мен Үндістан арасында 12 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Теһранда Иран ислам республикасы мен Үндістан арасында екі ел басшыларының қатысуымен түрлі салада 12 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
ИРНА-ның хабарлауынша, бүгін дүйсенбі күні Иран президенті Хасан Рухани мен Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Модидің қатысуымен қол қойылған меморандумдар саяси, экономикалық, мәдени, технологиялық ынтымақтастықтар мен екі елдің пікір алмасу палаталарының әріптестігін арттырудан тұрады.
Иран мен Үндістанның порттар және теңіз қатынасы ұйымдары арасындағы Чабахар портын дамыту келісімшарты мен Иранның құжаттар және ұлттық кітапхана ұйымы мен Үндістанның ұлттық мұрағатының ынтымақтастығын кеңейту осы меморандумдарда қамтылған мазмұндарға жатады.
Иранның порттар және теңіз қатынасы ұйымы мен Үндістанның Еximbank арасындағы ынтымақтастық меморандум, Үндістанның үкіметтік алюминий компаниясы мен Иранның IMIDRO ұйымының өзара сауда-саттық пен серіктестік ынтымақтастықтары Иран мен Үндістан арасында қол қойылған келесі құжаттарға жатады.
Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Моди жексенбі күні саяси, экономикалық және мәдени жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Теһранға келді.