Иран, Үндістан және Ауғанстан арасында Чабахар халықаралық келісімшартына қол қойылды
(last modified Mon, 23 May 2016 15:36:36 GMT )
Maм 23, 2016 21:36 Asia/Almaty
  • Иран, Үндістан және Ауғанстан арасында Чабахар халықаралық келісімшартына қол қойылды

Иран ислам республикасы, Үндістан және Ауғанстан арасында Чабахар халықаралық тасымал дәлізінің негізін құру келісімшартына қол қойылды.

Иранның оңтүстік шығысындағы Чабахар транзиттік-сауда саласындағы үш жақты келісімшартына дүйсенбі күні ИИР президенті Хасан Рухани, Үндістанның үкімет басшысы Нарендра Моди және Ауғанстан президенті Мұхаммад Ашраф Ғанидің қатысуымен үш елдің Жол министрлері қол қойды.

Чабахар үш жақты келісімшарты Чабахар портын пайдалануды едәуір арттырып, Үндістанның Ауғанстан арқылы Орталық Азияға қол жеткізуіне, сонымен қатар Ауғанстанның теңіз арқылы Үндістанға қол жеткізуіне жағдай жасайды.

ИИР президенті Хасан Рухани Теһранда Үндістанның үкімет басшысымен өткізген бірлескен ақпараттық отырысында: "Чабахар оңтүстік пен шығыс және оңтүстік пен солтүстік арасында транзиттік дәліздің басталатын жері болады. Чабахар- Заһедан, Заһедан- Серахс темір жолының аяқталуымен осы порт түрлі елдерді, соның ішінде Үндістанды Ауғанстан, Орталық Азия елдері, Кавказ және Еуропаның шығысымен байланыстыратын аймаққа айналады" деді.