Иран Парламентінің төрағасы: Сионистік режиммен күресу – адамдық парыз
(last modified Fri, 16 May 2025 14:48:06 GMT )
Maм 16, 2025 20:48 Asia/Almaty
  • Иран Парламентінің төрағасы: Сионистік режиммен күресу – адамдық парыз

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Джакартадағы Ислам мәдени орталығында индонезиялық шиіттердің алдында сөйлеген сөзінде сионистік режиммен соғысуды адамдық парыз деп санады.

ParsToday агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам елдері парламентаралық одақтарының одағының (PUIC) 19-шы конференциясына қатысу үшін Индонезияға барған Мұхаммад Бакир Калибаф өткен бейсенбі күні кешке Джакартадағы Ислам мәдени орталығында индонезиялық шиіттердің басқосуына қатысқан кезде: «Бүгінгі таңда басып алушы сионистік режим әлемдегі зұлымдық пен үстемдіктің нышаны саналатын Американың қолдауымен Палестина мен Газада қылмыс жасауда және біз бұл мәселеге бейжай қарай алмаймыз. Міне, залымға қарсы күресуіміз – діни парыз әрі адамдық парыз. Шынайы Исламды қаласақ, осы оймен қадамдар жасап, оны парыз санауымыз керек»,- деді.

Бүгінгі таңда Ислам діні мен мұсылмандардың абыройын қайта жаңғырту үшін бірлігіміз бен зұлымдықпен күресу рухы болуы керектігін баса айтқан Қалибаф: «Зұлымдық алдында үнсіз қалған қоғам өмір сүрмейді»,- деп баса айтты.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сондай-ақ:  «Ислам революциясының ұлық негізін қалаушы Имам Хомейни Ислам революциясы кезінде Құран мәдениеті мен Әһли Бәйт (ғ.с.) мәдениетін пайдалана отырып, бізге екі нәрсені үйретті: біріншіден, бірлік болуы керек, екіншіден, зұлымдық жасамау және зұлымдықты қабылдамау керек»,- деді.