Путин Башар Асадқа жолдау жіберді
(last modified Tue, 24 May 2016 08:44:10 GMT )
Maм 24, 2016 14:44 Asia/Almaty
  • Путин Башар Асадқа жолдау жіберді

РФ Президенті Владимир Путин сириялық әріптесі Башар Асадқа жіберген жолдауында Мәскеудің Сирияға қарсы лаңкестік қауіппен күресуге дайын екенін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Путин Сирия үкіметі мен халқына дүйсенбі күні осы елдің екі қаласында орын алған жарылыстарда қаза болғандарға қайғырып, көңіл айтты.

Сирияның батысындағы Джебле мен Тартус қалалары дүйсенбі күні 7 лаңкестік әрекеттің куәсі болды. Ақпарат құралдары қаза болғандардың санын 130 адам деп хабарлады. ДАИШ осы лаңкестік әрекеттердің жауапкершілігін өз мойнына алды.

Путин жолдауында осы қайғылы оқиғаларды сириялықтарға қарсы қанды соғысты бастаған лаңкестік топтардың адамзатқа қарсы айуандық болмысының тағы бір дәлелі деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Сирия үкіметі мен халқына осы елдің екі қаласында орын алған лаңкестік жарылыстарда қаза болғандарға байланысты көңіл айтып: «Бұл лаңкестік әрекеттердің мақсаты – атысты тоқтату бітімін бұзып, қақтығыстарды қайта бастау»,-деді.