Иранның Түркияның Стамбул қаласында Еуропаның үш елінің өкілдерімен кездесуі
(last modified Sat, 17 May 2025 11:37:44 GMT )
Maм 17, 2025 17:37 Asia/Almaty
  • Иранның Түркияның Стамбул қаласында Еуропаның үш елінің өкілдерімен кездесуі

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің құқықтық және халықаралық істер министрінің орынбасары Түркияның Стамбул қаласында Иран мен Еуропаның үш елінің (Франция, Германия және Ұлыбритания) өкілдерінің кездесуін өткізу туралы хабарлады.

ParsToday Иранның Телерадио агенттігіне сілтеме жасап, Иран Сыртқы істер министрлігінің Құқық және халықаралық істер министрінің орынбасары Казем Ғарибабади жұма күні өзінің жеке парақшасында былай деп жазды: «Маджид Тахтраванчи және ол үш еуропалық елдің (Англия, Франция, Германия) саяси директорларын Стамбулда қабылдады».

Ғарибабади: «Біз пікір алмасып, Америка Құрама Штаттарымен жанама ядролық келіссөздердің соңғы жағдайын және санкциялардың жойылуын талқыладық»,-деп қосты. Ғарибабади: «Иран мен үш еуропалық ел дипломатияны сақтап, оңтайлы пайдалануға бел байлады, қажет болған жағдайда келіссөздерді жалғастыру үшін қайта бас қосамыз» деді.