Кения мен Чилидің БРИКС-ке қосылу қадамдары
ParsToday – Кения мен Чилидегі сарапшылар өз елдерінің БРИКС тобына қосылуы осы екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады деп есептейді.
Чили Сыртқы істер министрінің орынбасары Глория де ла Фуэнте сенбі күні елдің саяси және сауда қатынастарын әртараптандыру стратегиясының бір бөлігі ретінде БРИКС+ тобына қосылу мүмкіндігін зерттеп жатқанын хабарлады. ParsToday агенттігінің BRICS халықаралық «TV BRICS» телеарнасына сілтеме жасаған хабарлауынша, Дела Фуэнте Чилидің БРИКС саммитіне қатысуға шақыруына сілтеме жасай отырып, бұл әрекетті елдің халықаралық беделінің белгісі деп санап, өңдеу өнеркәсібін дамыту және қоршаған ортаға зиянсыз технологияларды сіңіру қажеттігін баса айтты.
Басқа жағынан, Кения президенті Уильям Руто жақында Кенияның БРИКС ынтымақтастық механизмдеріне қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Найроби университетінің профессоры Ксан Ираки Кения БРИКС мүшелерімен күшті экономикалық және дипломатиялық байланыстар орнату арқылы озық технологияларға қол жеткізу және өнеркәсіптік даму сияқты артықшылықтарды пайдалана алады деп санайды.
Сарапшылардың пайымдауынша, Кенияның Шығыс Африкадағы стратегиялық орны оны БРИКС-тің Африка құрлығының дарбазасына айналдыруы мүмкін.