Нигерия: БРИКС-ке мүше елдер арасындағы сауданы нығайту қажеттілік болып табылады
Pars Today - Нигериялық парламентарий БРИКС-ке мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті.
Бразилия Федералдық Сенатының ұйымдастыруымен 11-ші БРИКС Парламенттік Ассамблеясы 3-5 маусым аралығында Бразилияда «БРИКС Парламенттерінің Неғұрлым инклюзивті және тұрақты жаһандық басқаруды құрудағы рөлі» тақырыбымен өтті. ParsToday агенттігінің «TVBRICS» БРИКС телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Нигерия Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Воле Оке Бразилияда өткен БРИКС іскерлік саммитінде дамушы елдердің экономикасын тұрақтандыру үшін топқа мүше елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Ол: «БРИКС елдері арасындағы сауданы нығайту енді таңдау емес, қажеттілік болып табылады. Біз екіжақты сауданы, өзара инвестицияны арттырып, халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын бизнес экожүйесін құруымыз керек», - деді
Оке сонымен қатар цифрлық инновациялар, ресурстарды стратегиялық пайдалану және жергілікті валютадағы транзакциялар қажеттігін атап өтіп, қаржылық есептерді ұлттық валютада жүргізу механизмін құруды ұсынды.
Нигериялық шенеунік бұдан әрі ауыл шаруашылығы, таза энергия, өнеркәсіптік өндіріс және фармацевтика сияқты салаларға ортақ инвестиция тартуға шақырып: «БРИКС-тің жаңа даму банкі өз рөлін несиелік мекемеден тыс кеңейтіп, қаржылық кепілдіктер мен қолжетімді қаржыландыру арқылы топ ішілік сауданы қолдауы керек»,- деп айтты.
Ол сонымен қатар БРИКС-ке мүше елдерді цифрлық және жасыл түрлендіру мақсатында киберқауіпсіздік, электронды коммерция және жасанды интеллект сияқты салаларда ортақ негізді әзірлеуге шақырды.
Нигерия Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы: «БРИКС жабық клуб емес. Әділетті және инклюзивті жаңа жаһандық сауда тәртібін құру үшін Африка Одағымен, АСЕАНмен және Меркосурмен жұмыс істейік»,- деп қосты
БРИКС ұйымы Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Африка, Иран Ислам Республикасы, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Эфиопия сияқты дамып келе жатқан экономикалық державалардан тұрады.