Ресей Дамасктің айналасында үш күн тыныштық орнатуды талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i8110-Ресей_Дамасктің_айналасында_үш_күн_тыныштық_орнатуды_талап_етті
Ресей Сирия астанасы Дамасктің айналасындағы кейбір қақтығыс аймақтарында үш күн тыныштық режимін орнатуды талап етті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 24, 2016 21:31 Asia/Almaty
  • Ресей Дамасктің айналасында үш күн тыныштық орнатуды талап етті

Ресей Сирия астанасы Дамасктің айналасындағы кейбір қақтығыс аймақтарында үш күн тыныштық режимін орнатуды талап етті.

«Пресс ТВ» арнасының хабарлауынша, Сириядағы Ресей ымыра орталығының төрағасы Сергей Короленко қазіргі жағдайды тұрақтандыру үшін Ресейдің Ғуте және Дария аймақтарында үш тәулік тыныштық орнатуға мүдделік танытып, Америкадан өз ықпалындағы лаңкестерді осы ымыраға қосылуға шақыруды, сондай- ақ лаңкестерден «ән- Носрат майданы» лаңкестік топтың қарамағындағы аймақтардан кері шегінуді сұрағанын мәлімдеп: «Ресейлік және сириялық бақылаушылардан алынған мәліметтер «ән- Носрат майданының» Алеппо облысында іс-қимылдар үшін 6000 лаңкестің басын қосқанын көрсетеді» деді.

Сириялық күштер жұма күні Шығыс Ғуте аймағында жаңа аймақтарды азат етіп, 13 елді мекенді лаңкестерден қайтарып алды.

Сондай-ақ Сирияның әуе күші Хомс облысының орталығында «әл-Шаер» және де «Умм әл Табарер» аймақтарында ДАИШ тәкфирлік лаңкестердің тұрғыларын азат етті.

27-ші ақпанда Сирияда орнатылған ымыра ДАИШ пен «ән-Носрат майданы» лаңкестерін қамтымайды.