Чабаһар Иран, Ауғанстан және Үндістан елдері үшін маңызды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иран-Үндістан-Ауғанстан арасындағы халықаралық транзиттік Чабахар жолын аймақ елдері үшін маңызды деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди «Хабар» арнасына берген сұхбатында Иран, Ауғанстан және Үндістанның Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар транзиттік жолына қатысты үш жақты келісімшартқа қол қойғанына тоқталып: «Чабахар транзиттік жолының құрылуымен Иран темір жол арқылы Орталық Азия, Қытай және Ресейге қосыла алады»,- деді.
Ахунди сонымен бірге Үндістанның Чабахар-Захедан темір жолына 1 миллиард 300 миллион доллар инвестиция салу ынтасы туралы хабарлады.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Иранның оңтүстік-шығыс аймағының көп туристерді жинау мүмкіндігіне екендігін айтып, бұл аймақтың азат суларға шығатын қолайлы мүмкіндікке ие екендігін мәлім етті.