Канн фестивалінде ирандық кинематографтар кәсіби біліктіліктерін көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i8134
Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ирандық өнерпаздарды Канн кинофестиваліндегі табыстарымен құттықтады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 25, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Канн фестивалінде ирандық кинематографтар кәсіби біліктіліктерін көрсетті

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі ирандық өнерпаздарды Канн кинофестиваліндегі табыстарымен құттықтады.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі Әли Жәннәти ирандық «Коммивояжер» фильмінің Канн фестиваліндегі табыстарымен құттықтап: «Өткен 30 жылда әлемдік сахналарда әрқашан биік шыңдарға көтеріліп, маңызды жетістіктерге жеткен ирандық кинематографтар халықаралық Канн фестивалінде «Коммивояжер» фильмінің ең жақсы фильм аталуымен өткен мақтан тұтатын жетістіктеріне жаңа парақ қосты»,- деді.

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жәннәти: «Иранның танымал режисері Асғар Фархади фильмінің ең жақсы фильм ретінде таңдалуы және Шахаб Хосейнидің Франциядағы Канн фестивалінің «ең үздік ерлер рөлі» номинациясының жеңімпазы атануы өздерінің таланттарын сан рет дәлелдеген ирандық кинематографтардың кәсіби біліктіліктерінің көрсеткіші»,- деп қуаттады.