Ресей Сириядағы лаңкестердің үштен бірінің көзі жойылғанын хабарлады
https://itolqyn.com/news/world-i8164-Ресей_Сириядағы_лаңкестердің_үштен_бірінің_көзі_жойылғанын_хабарлады
Ресей қауіпсіздік ұйымы төрағасының орынбасары осы елдің Сириядағы әскери қимылдары басталған кезден бері «ән- Носрат майданы» мен «ДАИШ» тобына мүше болған шамамен 28 мың лаңкестің өлтірілгенін мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 25, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Ресей Сириядағы лаңкестердің үштен бірінің көзі жойылғанын хабарлады

Ресей қауіпсіздік ұйымы төрағасының орынбасары осы елдің Сириядағы әскери қимылдары басталған кезден бері «ән- Носрат майданы» мен «ДАИШ» тобына мүше болған шамамен 28 мың лаңкестің өлтірілгенін мәлімдеді.

«Пресс ТВ» арнасының хабарлауынша, Евгений Лукьянов: "Қыркүйек айында Сирияда Ресейдің іс- қимылдары басталған кезден бері осы елдің әуе күші мен Сирия армиясының шабуылдарынан лаңкестердің үштен бірінен астамының көзі жойылды. Ресейдің болжамы бойынша, қимылдардың басында «ән- Носрат майданы» мен «ДАИШ» тобының шамамен 80 мың мүшесі болды. Солардың қазіргі кезде 28 мыңының (35 пайызының) көзі жойылған. Осы көрсеткіш Мәскеу мен Сирия армиясы ынтымақтастығының жемісі болып табылады. АҚШ жетекшілігіндегі коалиция соңғы екі жылдан астам уақыт ішінде тек шамамен 5 мың лаңкестің көзін жойған" деді.

Лукьянов Ресейдің Сириядағы әскери амалдарының негізгі мақсаты саяси келіссөздер үдерісін жеңілдету екенін қуаттай келе, Сирия мәселелерінің сириялықтардың өз қолымен шешілуі керектінін баса айтты.