Француз сарапшысы: Америка генерал-лейтенант Қасым Сүлейманиді қорқақтықпен өлтірді
https://itolqyn.com/news/world-i82358-Француз_сарапшысы_Америка_генерал_лейтенант_Қасым_Сүлейманиді_қорқақтықпен_өлтірді
ParsToday - Француз сарапшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы генерал Сүлейманиді өлтірудегі АҚШ-тың әрекетін халықаралық құқықтың айқын бұзылуы деп атады.
(last modified 2025-12-27T12:19:56+00:00 )
Жел 27, 2025 16:32 Asia/Almaty
  • Француз сарапшысы: Америка генерал-лейтенант Қасым Сүлейманиді қорқақтықпен өлтірді

ParsToday - Француз сарапшысы Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы генерал Сүлейманиді өлтірудегі АҚШ-тың әрекетін халықаралық құқықтың айқын бұзылуы деп атады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Қасым Сүлеймани 2020 жылдың 3 қаңтарында Ирак билігінің ресми шақыруымен елге сапар шеккен кезде Ирак халықтық мобилизация күштері (Әл-Хашд әш-Шааби) басшысының орынбасары Абу Мәһди әл-Мухандис және оның 8 серігімен бірге Бағдат әуежайы маңында американдық агрессорлар мен террористердің әуе шабуылында қаза тапты. ParsToday хабарлағандай, халықаралық заңгер және француз саяси сарапшысы Арно Девелай Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» күштерінің қолбасшысы генерал Сүлейманиді өлтірудегі АҚШ-тың әрекетін халықаралық құқықтың айқын бұзылуы деп атады.

Девол Америка Құрама Штаттары халықаралық конвенцияларды елемей, генерал-лейтенант Қасым Сүлейманиді қорқақтықпен өлтіргенін атап өтті. Ол: «Шын мәнінде, генерал Сүлеймани Ислам революциясының жетекшісіне өте жақын болды, ал АҚШ оны халықаралық конвенцияларға қарамастан өлтіру туралы шешім қабылдады», - деді. Америка Құрама Штаттарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы (JCPOA)-дан біржақты шығуына және Иранға қарсы санкциялар енгізуіне тоқтала отырып, ол былай деп қосты: «Маңыздысы, АҚШ қоғамдық пікірде барлық конвенцияларды елемейтін бүлікшіл мемлекет ретінде танылады».