Иран: БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің қарары саяси; Қытай: Иранның мәселелері ішкі
ParsToday – ИИР-ның Женевадағы БҰҰ кеңсесіндегі Тұрақты өкілдігі БҰҰ Адам құқықтары кеңесінің Иранға қатысты қарарын саяси және қабылданбайтын деп атайтын мәлімдеме жасады.
Иранның Женевадағы БҰҰ кеңсесіндегі Тұрақты өкілдігі: «Адам құқықтары жөніндегі кеңестің Иранға қатысты арнайы отырысында «адам құқықтарына шынайы алаңдаушылық болмады» деп мәлімдеме жасады. ParsToday хабарлауынша, Женевадағы Иран Тұрақты өкілдігі: «Бұл шараның бастамашылары ешқашан Иран халқының құқықтарына шын жүректен алаңдаған емес, әйтпесе олар негізгі құқықтарды ауыр түрде бұзатын адамгершілікке жатпайтын санкциялар енгізбес еді және Израиль режимінің «лас жұмыс» деп аталған және 5000-нан астам ирандықтың өмірін қиып, жарақат алған агрессивті соғысын елеусіз қалдырмас еді»,- деді. Женевадағы Иран Тұрақты өкілдігі былай деп мәлімдеді: «Иранның күшті, тәуелсіз және тиімді ұлттық есеп беру тетіктері бар және сондықтан саясаттандырылған сыртқы араласудың кез келген сылтауын қабылдамайды».
Қытай өкілі: Иранның ішкі мәселелерін халық шешуі керек
Адам құқықтары кеңесінің Иран бойынша отырысына қатысты реакциялардан кейін Қытайдың Женевадағы БҰҰ кеңсесіндегі елшісі және тұрақты өкілі Ся Гиде Адам құқықтары кеңесінің Иран бойынша арнайы отырысын өткізуге қарсы екенін білдіре отырып: «Ирандағы ішкі жағдай елдің ішкі істеріне қатысты мәселе және оны Иран халқы шешуі керек»,- деп мәлімдеді. Қытай өкілі халықаралық қауымдастық Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеуі, Иран үкіметі мен халқына қиындықтарды жеңуде қолдау көрсетуі және келіспеушіліктерді диалог арқылы шешуі керек екенін баса айтты.