Путин: Сирияның Ливия мен Сомалидің кебін киюіне жол бермейміз
(last modified Sat, 28 May 2016 09:43:54 GMT )
Maм 28, 2016 15:43 Asia/Almaty
  • Путин: Сирияның Ливия мен Сомалидің кебін киюіне жол бермейміз

РФ Президенті Владимир Путин Сирияның Ливия мен Сомали сияқты болуына жол бермейтіндіктерін мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екікүндік сапармен Афиныға барған Путин жұма күні Грекияның Премьер-министрі Алексис Ципраспен ортақ баспасөз конференциясында Сириядағы жағдайға тоқталып: «Ресей Сирияның Ливия мен Сомали сияқты болуына рұқсат бермейді»,-деді.

РФ Президенті АҚШ-тың амал-әрекетін сынап: «АҚШ өз уәделері мен міндеттемелерін орындамайды. Мысал ретінде АҚШ-тың өз зымырандық кешендерін Румыния мен Польшада орналастыруға әрекет жасауын айтуға болады. Бұл Ресей үшін қауіп.

Америкалықтар бұл зымырандардың Иранның ядролық қаупіне төтеп беруі үшін Румынияда орнатылатынын айтады, бірақ «алтылық» елдерімен келісімге келгеннен кейін Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы мәселесі шешілген кезде АҚШ неліктен бұрынғыдай өз зымырандарын Румыния мен Польшада орналастыруға ынта танытып отыр?»-деп сұрады.