Еревандағы Көк мешітте Армения оқушылары Иранның Минаб мектебінің оқушыларымен бірлігін жариялады
ParsToday- АҚШ пен Израильдің Иранның Минаб қаласындағы Шәджаре Тайиба мектебіне шабуылдауы және көптеген оқушалардың шәhид болуына байланысты Еревандағы Көк мешітте Арменияның көптеген оқушылары, мұғалімдері және Ирантанушылары қатысқан кең ауқымды аза рәсімі өтті.
АҚШ-тың Иранның Минаб қаласындағы Шәджаре Тайиба мектебіне әскери шабуылда 160-тан астам қыз оқушы шәһид болды және көптеген адамдар жараланды. Бұл қылмысты жасаған АҚШ осы адамзат апатынан туындаған салдарлар мен жауапкершілікті мойындамау үшін содан бері «тергеу» жүргізуде. ParsToday-дің хабарлауынша, Армения мектептерінің бір тобы Еревандағы Көк мешітке келіп, гүл сыйлау және символдық рәсімдер өткізу арқылы АҚШ-тың Минабтағы қылмысында қаза тапқан оқушылар үшін қайғысын білдірді.
Бұл рәсім қайғылы атмосферада өтті, Армения оқушылары «Зорлық-зомбылыққа жоқ», «Балалар соғыстың құрбаны емес» және «Минаб оқушылары жалғыз емес» деген ұрандар жазылған плакаттар ұстап, бейбітшілікті қолдау және балаларға қарсы зорлық-зомбылықты айыптау хабарын армян және парсы тілдерінде айқайлады.