Иран Пәкістан мен Қытайдың Чабахарды дамыту келісіміне қосылуын қолдады
https://itolqyn.com/news/world-i8350-Иран_Пәкістан_мен_Қытайдың_Чабахарды_дамыту_келісіміне_қосылуын_қолдады
Исламабадтағы Иранның елшісі Қытай мен Пәкістанның Иранның Чабахар портын дамыту келісімшартына қосылуын қолдады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 28, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • Иран Пәкістан мен Қытайдың Чабахарды дамыту келісіміне қосылуын қолдады

Исламабадтағы Иранның елшісі Қытай мен Пәкістанның Иранның Чабахар портын дамыту келісімшартына қосылуын қолдады.

Иранның Пәкістандағы елшісі Мехди Һонардуст: "Чабахар транзиттік порты туралы Иран, Үндістан және Ауғанстан арасындағы үш жақты келісім әлі аяқталған жоқ. Қытай мен Пәкістанның осы жобаға қосылуын қолдаймыз" деді. Чабахар транзиттік портының үш жақты келісімшартына дүйсенбі күні Иран, Үндістан және Ауғанстан басшыларының қатысуымен Теһранда қол қойылды.