Олимпиадалық іріктеу жарысында Иранның волейболдан ұлттық командасы Канада командасын жеңді
https://itolqyn.com/news/world-i8389-Олимпиадалық_іріктеу_жарысында_Иранның_волейболдан_ұлттық_командасы_Канада_командасын_жеңді
Иранның волейболдан ұлттық командасы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға іріктеу жарысындағы өзінің екінші кездесуінде Канада командасынан басым түсті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 29, 2016 15:08 Asia/Almaty
  • Олимпиадалық іріктеу жарысында Иранның волейболдан ұлттық командасы Канада командасын жеңді

Иранның волейболдан ұлттық командасы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға іріктеу жарысындағы өзінің екінші кездесуінде Канада командасынан басым түсті.

Иранның волейболдан ұлттық командасы жексенбі күні таңертең Токиода өтіп жатқан Олимпиадалық іріктеу жарысындағы өзінің екінші кездесуінде бірінші және екінші ойында Канададан ұтылғанына қарамастан, осы сайыстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Иран мен Канаданың волейболдан ұлттық командаларының тарихтағы үшінші кездесуі болып табылатын бұл сайыста Иранның волейболдан ұлттық командасы 3:2 есебімен жеңіске жетіп, жалпы 5 ұпаймен бұрынғыдай жарыс кестесінде сақталып отыр.

Иранның волейболдан ұлттық командасы кеше жексенбі күні Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға іріктеу жарысындағы өзінің бірінші кездесуінде Аустралия командасын 3:0 есебімен жеңді.