Сауд Арабиясы мен Ұлыбритания Иранды бірігіп қаралауда
Ұлыбританияның Премьер-министрі Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрімен Джиддада өткізген ортақ ақпарат отырысында: «Иранмен ядролық келісімге келу Ұлыбританияның Иранда орын алып жатқан оқиғалар мен бұл елдің әрекеттеріне назар аудармайды дегенді білдірмейді»,- деп уәж айтты.
Сауд Арабиясының патшасы, тақ мұрагері және тақ мұрагерінің орынбасарымен кездесіп, пікір алмасқан Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Филип Хаммонд Парсы шығанағы Ынтымақтастық кеңесінің мүшелерімен кездесіп, Сауд Арабиясына жасап отырған сапарын бейбітшілік пен ортақ қауіпсіздік орнату және аймақ халықтарының дамуын қуаттау негіздері бойынша іске асырылуда деген уәж айтты.
Хаммонд Ұлыбританияның аймақтағы одақтастарына адал болып, оларды қолдайтындығына тоқталып: «Қолдаулар қауіпсіздік және экономикалық салаларға қатысты»,- деп қуаттады. Бұл сөздер Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару-жарақ және саяси қолдау көрсетіп, сол елдегі адам құқығының бұзылуына үнсіздік танытып отырғаны баршаға жасырын емес жағдайда айтылуда. Мұнымен бірге оның Сауд Арабиясын тұрақтылық, қауіпсіздік және даму салаларында қолдауының мақсаты белгісіз. Өйткені Ұлыбритания бұл салада кері саясат ұстанады.
Ұлыбританияның сионистік режимді қолдауы мен Таяу Шығыс аймағын жіктеу жобасы аймақта осы кезге дейін ұмытылған жоқ. Ұлыбритания мен АҚШ-тың қастандықтары қазіргі кезде де жаңа түрде «Жаңа Таяу Шығыс» жобасын іске асыруды қарастыруда. АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы мен аймақтың басқа кейбір үкіметтері қолдайтын лаңкестердің аймақта тудырған бейберекеттіктері мен дағдарыстары кешегі отаршылардың бүгін де аймақтағы өздерінің отаршыл мүдделерін сақтап қалып, ежелден келе жатқан арандату саясатын іске асыруды көздеуде екендігін көрсетеді.
Осы кезде Таяу Шығыс аймағында (Азияның батысында) орын алып жатқан оқиғалар Батыстың аймаққа араласу саясаттарының нәтижесі. Сауд Арабиясы сынды мемлекеттер өздерінің мұнайдан түскен долларларын қару-жарақ сатып алуға пайдаланып, уаһабшы ой-пікірлерді таратуға жұмсап, Батыстың ұпайына ие болуға тырысқанға дейін Лондоның оларды қолдайтыны айқын. Хаммондтың Риядты жан-жақты қолдайтыны туралы қуаттауы – шындық. Бірақ бұл қолдаулардың аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігі және дамуына пайдалы болатыны жалған. Өйткені қазіргі жағдай бұл уәждерге қайшы.
АҚШ, Ұлыбритания мен Франция аймақтағы өздерінің заңсыз мүдделерін Сауд Арабиясының рөліне сүйеніп, қамтамасыз ететін мемлекеттердің алғашқы қатарында орналасқан. Бұл үдерісте Ираннан үркіту үгіт-насихат пен ДАИШ-пен күресу үшін коалиция құру және адам құқығын бұзу туралы сырт көзге жасалған айыптаулар қоғамдық ой-пікірді алдайтын құралдарға жатады. Ұлыбритания Сауд Арабиясының Бахрейндегі басып-жаншуларына үнсіздік танытып, Йемен мен Газаның балаларын қыру үшін Сауд Арабиясы мен Израильге кассеталық бомбаларды жібереді. Ұлыбритания бұл әрекеттерін сындарлы деп бағалайды.
Хаммонд шындықтарға мән бермей, шын мәнінде Ұлыбританияның Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктегі рөлін әсерлі әрі оң деп көрсетуге талпынуда. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі де өткен бірнеше күнде дәл осы әдіспен Сауд Арабиясының қажылық кеңсесінің қастандықтары мен қисынсыз әрекеттері мен біліксіздігіне көңіл бөлмей, мәселені теріс көрсетуге әрекет жасады. Сауд Арабиясы ирандық зияратшыларды қабылдамау үшін, уақытты созып, келісімхатқа қол қоймады. Ұлыбритания мен Сауд Арабиясының шындықтардан жақсы хабардар екендігі айқын. Бұл шындықтарды саяси сөздермен жасыруға болмайды.