Иранның Сыртқы істер министрі мен Польшаның Премьер-министрі кездесті
(last modified Tue, 31 May 2016 10:05:37 GMT )
Maм 31, 2016 16:05 Asia/Almaty
  • Иранның Сыртқы істер министрі мен Польшаның Премьер-министрі кездесті

Иранның Сыртқы істер министрі мен Польшаның Премьер-министрі екіжақты саяси-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні түстен кейін Варшавада Польшаның Премьер-министрі Беата Шидло ханыммен кездесіп, екі елдің ауқымды экономикалық әлеуеттерін экономикалық байланысты кеңейтудің қаржы ресурсы деп атап: «Иран мен Польшаның саяси және мәдени қарым-қатынасы да дами алады»,-деді.

Зариф нанотехнология, биотехнология және коммуникация салалары мен сүт өнімдерін өндіру саласында әріптестік жасау және оларды Иранның айналасындағы 400 млн-дық нарыққа шығару сияқты тақырыптарды атап: «Егер банкаралық қатынас орнап, инвестицияны сақтандыру іске қосылса, бүгін екі елдің экономикалық форумы аясында қол қойылған 500 млн долларлық сауда келісімшарттары жылдам жүзеге асатын болады»,-деді.

Польшаның Премьер-министрі Иранның Сыртқы істер министрі бастаған іскерлер делегациясының Варшаваға келгеніне ризалық білдіріп, Польшаның Иранмен экономика мен ауыл шаруашылығының әртүрлі салалары бойынша әріптестікті кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.